Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



страница7/15
Дата01.11.2016
Размер2.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті
Жоғары білім:
ҚМУ – баспасөз орталығы хабарлайды:

Праздник мира, труда и созидания

на земле Сыра
Наш Казахстан, в котором дружной семьей живут в мире и согласии представители различных национальностей, всегда является примером для других стран. 1 Мая - Праздник единства народа Казахстана - особенный для жителей земли Сыра, живущих по принципу «Сила народа – в его единстве».

В этот день кызылординцы собрались на центральной площади города, где состоялось праздничное шествие. В нем приняли участие свыше четырех тысяч жителей города. Среди них – свыше 500 преподавателей и студентов ведущего вуза области – Кызылординского государственного университета им.Коркыт Ата.

Праздничное шествие возглавил ректор университета, д.т.н., профессор Кылышбай Бисенов. Также в шествии приняли участие преподаватели –ветераны образования, обладатели государственного гранта РК «Лучший преподаватель вуза», докторанты и магистранты, лучшие спортсмены, курсанты военной кафедры, члены добровольческого отряда «Кыран». Сегодня в университете обучаются представители различных наций: русские, корейцы, таджики, татары, турки, узбеки, украинцы, немцы, для которых вуз стал поистине территорией дружбы и согласия.

После праздничного шествия аким области Кырымбек Кошербаев поздравил жителей с праздником мира, труда и созидания.

Затем состоялся концерт с участием народной артистки Казахстана Розы Рымбаевой, народного артиста Узбекистана Мансура Ташматова и других известных мастеров искусств.
***
Так держать, студенты – правоведы!
В Казахском национальном университете им. Аль Фараби прошла международная научная конференция студентов и молодых ученых «Мир науки». В ней приняла участие студентка группы Ю-10-1у Кумисбаева Ботакоз, которая заняла 2-место. Научный руководитель - к.ю.н., доцент Ж.А.Исаева.

Также на базе данного вуза прошел ежегодный Республиканский форум «Коррупция в Республике Казахстан: проблемы и пути решения», в работе которого принимали участие студенты специальности «Юриспруденция» Кушекова Жазира и Амангельдиев Алишер, занявшие 3 место.


Научное руководство работами студентов осуществляла старший преподаватель кафедры «Правоведение», магистр права Ж.С.Сапарбекова. Их доклады также были отмечены в номинации «Научная новизна».

И еще одна приятная новость. В КазНУ им.Аль Фараби прошла Республиканская студенческая олимпиада по дисциплинам «Уголовное право», «Уголовно-процессуальное право», «Криминалистика» среди вузов Республики Казахстан. В ней приняла участие команда будущих юристов КГУ имени Коркыт Ата. В состав команды вошли студенты группы Ю-09-1 Н.Дилмаганбетов и Ж.Кушекова, студент группы Ю-11-1 А.Амангельдиев.

Отметим, что в олимпиаде участвовали 9 команд. В первом туре участники отвечали на вопросы тестирования, во втором – решали ситуационные задачи. По результатам двух туров команда студентов КГУ им.Коркыт Ата заняла почетное первое место.

От имени коллектива университета поздравляем будущих юристов с победой!


***
Кітап – тарихи мұра, асыл қазына
Университеттің №6 оқу ғимаратында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап – тарихи мұра, асыл қазына» атты танымдық кеш өтті. Іс-шараға университеттің оқытушы-профессорлары, студенттері, сондай-ақ қаладағы №136 және №4 орта мектептердің 4-6 сынып оқушылары қатысты.

Рухани қазына кітап мерекесіне арналған кеште кітапхана қызметкерлері «Таңбалы жазулар тарихы» және «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыптарына баяндама жасап, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі жазба ескерткіштер мен кітап тарихынан қажетті мәліметтер берді. Оқырмандарға «Кітап-ғасыр мұрасы» атты слайд пен «Кітап – тарихи мұра, асыл қазына» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шарада №136, №4 мектеп оқушыларының кітап туралы оқыған тақпақтары мен «Кітап мұңы» атты сахналық көріністері қатысушыларды риза етіп, орта мектеп пен жоғары оқу орны байланысының алтын көпірі тәрізді әсер қалдырды. Кеш барысында студенттер өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, кітаптың сарқылмас рухани қазына, жан азығы екенін дәлелдеді. Сондай-ақ университет ғалымы Қоныс Арыстанбек ғылымның негізі кітапта, сондықтан сапалы білім рухы болашаққа бағытталған кітап арқылы берілетінін тілге тиек етті. Кітап күніне арналған кеш соңын қорытындылаған ғылыми-техникалық кітапхана директоры Жамал Абенова белсене қатысқан оқырмандарға ризашылық білдіріп, грамоталар мен сыйға кітап табыстады.

Университетте мектеп мұғалімдеріне арналған курстар ұйымдастырылды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығы облыс мектептері мен колледждерінің мұғалімдері үшін 22-27 сәуір аралығында 36 сағат көлеміндегі курстар өткізді.

Курс барысында мұғалімдер «Химияны инновациялық әдістермен оқыту», «Қызылорда облысының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты мектептердегі дене шынықтыру сабағын жүргізіп, ұйымдастырудың негізгі бағыттары», «ҰБТ-дағы математикадан қиын есептерді шығару әдістері», «Активные процессы в современном русском языке», «Мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру», «Жасөспірімдердің жазғы демалыстарын агробиологиялық учаскелерде еңбек етумен ұштастыруға арнайы мамандарды даярлау», «Жаратылыстану пәндері бойынша интербелсенді оқыту әдістерін сабақта қолдану» тақырыптарында тәжірибелерін шыңдады.

Сабақтарды университеттің жетекші ғалымдары – химия және экология кафедрасының академиялық профессоры, п.ғ.к., К.Сәдуақасқызы, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының профессоры, п.ғ.к., Ж.Егізбаев, жоғары математика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к., Е.Әбжанов, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Н.Е.Шумейко, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты А.Аяғанова, биология және география кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., Г.А.Назарова, химия және экология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., К.Ш.Арыновалар жүргізді.

Курстарға Қызылорда облысының Шиелі, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш Арал, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының музыкалық колледжінің пән мұғалімдері қатысты. Курс қорытындысы бойынша ұстаздарға сертификаттар табыс етілді.


*****

«Поклонимся поколению героев»
Память об огненных годах Великой Отечественной войны навсегда останется в памяти народной. Кызылординцы отметили 68-годовщину Великой Победы. 9 Мая жители города собрались на центральной площади, где состоялось шествие «Жасампаз жасак» по маршруту «Центральная площадь –площадь «Тагзым».

Многие принесли с собой портреты своих дедов и отцов, погибших на фронте.

На площади «Тагзым» участники шествия присоединились к военному параду «Поклонимся поколению героев». Парад возглавили пограничники, которым доверена почетная миссия - охранять границы нашей Родины. Вместе с сотрудниками департамента по делам обороны, чрезвычайных ситуаций, внутренних дел, таможенного департамента в военном параде приняли участие и курсанты военной кафедры Кызылординского государственного университета им.Коркыт Ата. Стройную колонну курсантов возглавил старший преподаватель подполковник Багдат Бекниязов.

Аким области Кырымбек Кошербаев поздравил ветеранов Великой Отечественной войны, жителей области с праздником Победы. Затем состоялось возложение цветов к Вечному огню.

Мероприятие продолжилось праздничным концертом.

***

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 60 жылдығына орай «Қазақстан-2050 стратегиясын іске асыруда жастар ғылымының үлесі» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында республикалық студенттік ғылыми конференция өтті.

Оған университеттің "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығының 2 курс студенттері Азамат Юсупов пен Азат Бекайдаров қатысып, техникалық ғылымдар секциясы бойынша І орынды иеленді.

Конференциядан жеңіспен оралған студенттер мен олардың ғылыми жетекшісі, университет профессоры С.С.Үдербаевты ұжым атынан жеңістерімен құттықтаймыз!

***

«Ұлы даланың мұрасы» көрмесі Сыр өңіріндегі ежелгі

өркениеттерден сыр шертеді
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай «Ұлы даланың мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Сыр өңіріндегі Сексеуіл, Сарышығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Бәбіш – мола, Баланды және Жанкент ескерткіштерінен алынған қола, ерте темір және ортағасырлық кезеңдердегі материалдық мәдениеттің бай мұралары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми – зерттеу орталығы жанындағы мұражайда қойылған.

Университет археологтары мен облыстық тарихи - өлкетану мұражайының қызметкерлері көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат екі музей қорындағы сан ғасырлық тарихы бар еліміз бойынша баламасы жоқ құнды архелогоиялық экспонаттарды жан-жақты насихаттау болып табылады, - дейді. Үш дәуірмен негізделген неолтит, кейінгі қола, ерте темір дәуірінен сыр шертетін жәдігерлермен танысуға Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының басшысы Абдрахманов Ержан Ахметұлы, университет оқытушы-профессорлары, мұражай қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысты.

Көрмеге келуші студенттер Сыр бойын мекен еткен ежелгі тұрғындардың материалдық мәдениетімен алғаш рет толыққанды таныса алдық, - дейді. Ал, меймандар болса 1946-1990 жылдардағы Хорезм археологиялық – этнографиялық экспедициясы жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерден табылған экспонаттарға ерекше таңданыс білдірді.

Барлығы 200-ге жуық тарихи жәдігерлер «Ұлы даланың мұрасы» көрмесі 25 мамырға дейін жалғасады.



Ұстаз-ғалымның 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 80 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған, 45 жылға жуық ғұмырын білім, ғылым саласына арнаған профессор Матаев Мұстафа Матайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаздық тұғыры» атты өмірдеректік, ойтолғамдық кітабы мен ғалымның педагогикалық-ғылыми өмір жолынан сыр шертетін «Ұстаздық еткен жалықпас» атты деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Тұсаукесерге университет оқытушы-профессорларымен қатар ғалым-ұстаздың әріптестері, үзеңгілес достары, шәкірттері қатысты. «Ұстаздық еткен жалықпас» атты деректі фильмі ғалымның адамдық, ұстаздық болмысын жан-жақты айшықтай түскен. Фильмде философия ғылымдарының докторы Әбдімәлік Нысанбаев, академик, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Абдильдин, философия ғылымдарының докторы, профессор Хан Гурий, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетов, биология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Абдрасилов сынды белгілі ғалымдар кейіпкердің бейнесін ашуда түрлі пікірлер білдірген. Фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов.

Ал, «Ұстаздық тұғыры» атты өмірдеректік кітап екі томнан тұрады. Мұстафа Матаевтың бұған дейін жарық көрген «Достарым менің, достарым...», «Көзімнің нұры», «Ойлап тұрсам, дүние...» атты кітаптары оқырмандар тарапынан жылы пікірге ие болған. Бұл кітапта оның ұстаздық жолы, ұстаз тұлғасы өмірлік деректер арқылы ашылып, тәлімдік, өнегелік, ғибраттық әңгімелермен қоса өріледі.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов: «Бүгін біз университет өміріндегі есте қалар сәттердің бірі - әріптес-ағамыз, профессор Мұстафа Матайұлының «Ұстаздық тұғыры»» атты ойтолғамдық кітабының тұсаукесеріне куә болып отырмыз. Ұстаз – киелі мамандық, ұлы тұлға, қадірлі есім. «Мың жылдығыңды ойласаң ұрпақ тәрбиеле» деген халық даналығы ұстаздық жолдың ел, ұлт алдындағы аса жауапкершілігін меңзесе керек. Бүгін біздің қолымызға тиіп отырған кітап өз оқырманын, жас ұрпақты ұстаз ғұмырының қыры-сырынан хабардар ете отырып, осы мамандықтың қадір – қасиетін ұлықтайтын ұлағатты мол шығарма деп айтар едік», - дей келе, ғалымның мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ, ғалымға арнайы жазылған ән де осы басқосуда алғаш рет орындалды. Шараға қатысушылар ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ұстаздығын үлгі еткен ұлық тұлға» атты кітап көрмені де тамашалады.
«Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында профессор Мұстафа Матайұлы Матаевтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылары, ұстаздың үзеңгілес достары мен шәкірттері қатысты.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов ашты.

Конференцияда философия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым академиясының академигі Долгов Константин Михайлович «Проблемы философии, политики и человека в современном мире», философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Жабайхан Мүбаракұлы Абдильдин «Демократияның қазіргі теориясы және оны жүзеге асыру», заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев «Құқық тәрбиесі. Құқықтық білім – заман талабы», философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Қазақ мәдени мұрасы және оның түркі әлеміндегі маңызы», заң ғылымдарының докторы, Сүлеймен Демирель атындағы университеттің профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Төкежан Ағдабекұлы Ағдарбеков «Қазақстандағы ұлттық мемлекеттік құрылыстың жаңа саяси бағыты» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Конференцияда академик Ә.Нысанбаев «Қазақ мәдени мұрасы және оның түркі әлеміндегі маңызы» тақырыбындағы баяндамасында:

– «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқалы бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама еліміздің мәдени мұрасын зерделеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен, тарихи-мәдени мұрамызды қайта түлетуге байланысты негізгі аспектілерді қамтиды. Бұл қазақ мәдениетіне, руханиятына деген құрмет. Бағдарлама аясында «Бабалар сөзі» жүз томдығы жарыққа шығып, оның 95 томы жарияланды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қоғамдық Кеңес құрылған болатын. Онда біздің жауапты саламыз философия және психология секциясы болды. Қазақстанның мәдени мұрасын философиялық тұрғыдан үш бөлікке бөліп қарастырдық. Онда “Әлемдік философия” саласы бойынша 20 том аударма жұмыстар жасалынды. Сонымен қатар “Ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасын” жинақтауға 20 том дайындалды. Міне, осы үлкен істің бірталайы жүзеге асып, бірнеше томдар баспалардан шығып та үлгерд» , - дей келе, аударма томдар мен қазақтың рухани мұрасын қордалау келесі ұрпақ үшін, халқымыздың рухани байлығын еселей түсу үшін маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

Аталмыш конференцияға Ресей Федерациясынан, Қырғыз Республикасынан және еліміздің өзге де қалаларынан 92 баяндама келіп түскен. Конференция қорытындысы бойынша бірнеше ұсынымдар қабылданды. Олар жаһандық өркениет құндылықтарының дағдарысы біздің қоғамымызға да қауіп төндіретіндігін ескеріп, мемлекеттік саясат пен ғылыми-философиялық зерттеулердің жүргізілуі, мықты және тиімді демократиялық мемлекетті қалыптастыру мен дамыту үшін, «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып, тиісті құқықтық саясатты рет-ретімен жүргізу, азаматтардың құқықтық санасын көтеру бойынша жұмыстарын жалғастыру, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықтық сауаттылық көтеру жұмыстарын жүргізу, конференцияның ғылыми еңбектер жинағын шығару болып табылады. Сондай-ақ, үздік мақалалар www.g-global.kz ашық коммуникативті алаңда жарияланатын болады.


***

Қазақ Ұлттық университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қамбарбек Атабаев университеттің оқытушы-профессорлары, студенттер және магистранттармен кездесті.

Жиын барысында тарихшы Елбасы тапсырмасына сай «Өлкетану» мәселелерімен айналысудың өзекті екенін сөз етті.

«Мәселен, Арал аймағы Сақ-массагет, Оғыз-қыпшақ өркениеттері мен Ақ орда және Қазақ хандығының төл бесігі, гүлденген дәуірлерінің куәгері ретінде тарихы өте бай, археологиялық жәдігерлерге толы өлке, яғни Сыр өңірі қазақ өркениетінің қарашаңырағы деп айтсақ қателеспейміз. Осы кезеңдердегі тарихтың негізгі дерек көзі Сыр шежірелері болуы тиіс», - деді профессор.

Кездесуде қатысушылар профессор Қамбарбек Атабаевқа сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жиынды қорытындылаған орталық директоры Нұрлыбек Кәрібозұлы профессор Қамбарбек Атабаевқа қатысушылар тарапынан алғысын білдіріп, «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми зерттеу орталығы мен ғылыми мектептің ғалымдарымен алдағы жылдары бірлесе ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталы екендігін жүргізді. Бұл ұсынысты қабыл алған профессор, бірлесе жүргізетін зерттеу жұмыстарының негізгі обьектісі ретінде «Сыр шежірелері» және олардың деректік маңызы» атты тақырыпты ұсынды. Осыған сәйкес келесі оқу жылынан бастап орталық қызметкерлері «Шежірелердің – Сыр өңірі тарихындағы деректік орны» атты тақырып аясында ғылыми ізденіс жұмыстарын бастайтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ, Қамарбек Атабаев тарих, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының білімгерлерімен де кездесті. Онда Қазақстан тарихы деректану саласының өзекті мәселелеріне қатысты біршама талдау жасап, дәріс оқыды. Дәрісте қазіргі тарих ғылымының методологиялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып өтті.


Гүлбану МҰҚАЖАН

Жастар фестивалі мәреге жетті
Жалындаған жастық шақ иелерінің «Сүйікті калам — Қызылорда!» такырыбында 4 күн бойы өткен «Студенттік көктем — 2013» өнер фестивалі өз мәресіне жетгі. Жеті жанр бағытында өткен өнер додасы Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында қортындыланды. Фестивальдің гала концертіне кала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы қатысты. Ел болашағын оның дәстүр-салтынсыз, мәдениетінсіз, дінінсіз, өнерінсіз елестетуге болмайды. Жастарға рухани тәрбие берудің басты негіздерінің бірі ол-өнер. Фесиваль аясында түрлі жанр бойынша өз өнерлерін көрсеткен жастардың білімімен қатар, өнермен де, спортпен де айналыса білгендері, эдыһ шығармашылық ізденістері қуантты. «Жастардын рухани дүниеден сусындап жүргені сүйсіндірді» деп жүрек жарды лебізін білдірген Р.Рүстемұлы студентгердің болашағына сәттілік тілеп, жеңімпаз жастарды марапаттады.

Ал енді жеті жанр бойынша жеңімпаз атанған жастарға тоқталсақ. «Қызылорда — менің көзіммен» тақырыбындағы фото-коллаж байқауында «Қазак-Қытай» академиясының студенті Жасұлан Тағыбай жүлделі I орынды жеңіп алды. Жыр елі аталатын Сыр елінде өсіп жатқан жастар патриоттық әндер байқауында рухты әнмен жүректі тербеді. Бұл сайыста I орынды «Ақмешіт» гуманитарлық- техникалық институтының студенті Айдана Наукеева еншіледі. Ал, «Жұлдызды сәт» байқауында мың бұрала билеген Қьізылорда инженерлік техникалық колледжінің студенті Бекболат Акышев суырылып алға шықты. Жастар шығармашылығының алғашқы туындылары кала жайлы түсірілген бейнебаяны еді. Туған қаланы аялауға шақырған бейнебаяндар арасында М. Мәметова атындағы Кызылорда гуманитарлық колледжінің студенттерінің туындылары үздік деп танылды. Сондай-ақ, халықтык және колдау билерінің байқауы бойынша қаншама өнерлі өрендерді түлеткен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті I орынды иеленді. Әртістік қабілеттерін паш етіп, театрландырылған қойылым қойған студентгер арасында М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық коллежінің жастары сомдаған кейіпкерлерде, сахна қойылымда сәтті шықты. «Сыр – алаштың анасы» атты қала әкімінің кубогы үшін КТК сайысында әзілдесе де астарлы шындыкты жеткізген Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінін «Қорқыт жастары» командасы алда болды. Барлык жеңімпаздар қала әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль барысында жастар арасында каншама қабілетті, өнерлі жандар бар екенін анғардык. Дарындарға жарқын жол ашуда осындай додалар ұйымдастыру игілікті іс. Ұлтымыздын сан қырлы өнерін бойына жиып өсер жастарға арналған қала әкімдігі мен «Қызылорда жастары» Қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен өнер додасы жыл сайын жалғасын таба бермек.

//Ақмешіт апталығы.-2013.-30мәуір.-4б

//Халық.-2013.-2 мамыр.-8 б.


Шолпан АЙДАРОВА, педагогика факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты,

Алтын ЕСПЕНБЕТОВА,тарих, филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БАЙЛАНЫСЫ
Осыдан 18 жыл бұрын Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің базасында ашылған «Болашақ» университеті Сыр өңіріндегі белгілі оқу орнына айналды. Мұнда білім беру ісі 40 бакалавриат, 5 магистратура және 29 орта кәсіптік білім мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада және колледжде жүргізіледі. Қазіргі таңда оқу орнында 5000-нан астам студент білім алуда. Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында университетте сапа менеджменті, кредиттік оқу жүйесі және оқытудың жаңа технологиялары енгізілген. Ғаламдасу үдерісі, технотронды-ақпараттық кеңістік қазір білімді жастарды талап етіп отырған жағдайда университет ұжымы халықаралық білім мен ақпараттық кеңістікте Украина, Ресей, Оңтүстік Корея сияқты жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының тәжірибесін тиімді пайдалана отырып қадам жасауда.

Университеттің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Бақберген Досманбетов білім ордасын заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықтап, Еуропа елдері оқу орындары үлгісінде құрған болатын. 1999 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының қабылдануына байланысты дербес Қызылорда кономика, статистика және информатика университеті болып қайта құрылды. 2001 жылы қоғамымызда жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге сәйкес жергілікті географиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды, жастардың мамандық таңдаудағы ұстанымдарын ескере отырып, техникалық, педагогикалық және өнер, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы салаларына болашақ мамандарды дайындауға мемлекеттік лицензия алды. Университет аты «Болашақ» болып өзгертілді. Бүгінгі күні университетте 42 мамандық бойынша жоғары білімді мамандар мен бакалаврлар, 8 мамандық бойынша магистрлер дайындалуда.

Университет студенттерінің саны жылдан жылға артып келеді. Осыдан 3 жыл бұрын студент саны 4445 болса, қазіргі таңда ол 2 есеге артып отыр. Мемлекеттік грантпен 244 студент білім алуда. Оларға 9 ғылым докторы және 40 ғылым кандидаты мен доценттер қызмет етуде.

Университетте мамандықтарды оқыту өндіріспен және тәжірибемен тығыз ұштастырылған. «Заңтану», «Кеден ісі» мамандықтарын заман талабына сай меңгеру үшін арнайы Сот мәжіліс залы мен Криминалистика зертханаларында студенттер өз біліктіліктерін көрсетіп, білімдерін шыңдауда. Сондай-ақ мұнай мамандығы бойынша 30 миллионға жабдықталған «Ұңғымаларды толық жөндеуден өткізу қондырғысы» зертханасы жұмыс істейді. Мұндай зертханалар еліміздің Оңтүстік өңірлерінде тіпті жоқ десе де болады. Қара алтын өндіріп отырған өңірімізде мұндай зертханалар ауадай қажет.

«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын меңгеруге талпынған студенттер қатары көңіл қуантарлық. Арнайы жабдықталған зертханаларда болашақ кәсіби маманның машықтануына барлық жағдай жасалған. Педагогикалық мамандықтардың да дәрісханалары бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Онда жастарды моральдық тұрғыдан тәрбиелейтін түрлі тренингтер, мүшәйралар, дөңгелек үстел өткізіліп тұрады.

Университет ұжымында моральдық-психологиялық ахуал жақсы қалыптасқан. Ұстаз бен студент байланысы «Студенттің моральдық этикалық кодексімен» реттеліп отырады. Университетке кіргеннен бастап жаңа үдерістегі инновациялық технологияны сезінесің. Студенттерге қажетті барлық ақпараттық ресурстар қорын жинақтаған Электронды ақпарат киоскісі құрылған. «Барлығы жастар үшін, барлығы студенттердің сапалы білім алуы үшін» деген қағиданы ұстанған университеттің ғылыми жетекшісі жаңашылдықты енгізуде бір тынбайды. Биыл жаңадан оқу ғимараты салынуда. Одан басқа тағы 2 оқу ғимараты іске қосылады.

Журналистика мамандығы алғаш ашылғандықтан оларға арнайы бөлінген дәрісхана компьютерлендіріліп, мамандыққа қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Болашақ журналистер бірнеше рет облыстық масштабтағы іс-шараларға қатысып, жақсы қырларынан танылуда.

Жақында университетте жаңа құрылым – «Студенттік парламент» құрылып, студенттердің өздерін-өздері басқаруы жолға қойылды. Сонымен қатар «Жас Отан», «Студенттер Альянсы», «Жастар комитеті», «Дебат», «Көңілді тапқыштар» клубы жұмыс жасайды. Студенттерге арналған зәулім сарайда «Мәртебелі мейман» атты республикаға, облысымызға белгілі қоғам қайраткерлерімен, өнер адамдарымен, ғалымдармен кездесу өткізу дәстүрге айналған.

Университеттің «Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары» орталығының директоры, PhD докторы Зейнегүл Рамазанқызы қоғам дертіне айналған жемқорлық сияқты жат құбылыстарға қатты көңіл бөліп отырады. Қызметкерлер де еңбектері еленгендіктен адал және сапалы жұмыс істеуге дағдыланған. Студенттер мен қызметкерлер үшін медициналық орталық, асхана, студенттер үйі, типтік спорт залы, хореография және тренажерлық залдар жұмыс жасайды.

Биылғы Елбасы Жолдауында білім беруге аса мән берілген. «Қазақстан – 2050» даму стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек деп, болашақ мамандарымыз ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс істеуге айын болуға тиіс» деді. Елімізде аграрлы шаруашылыққа көп көңіл бөлінуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына мамандар дайындау басты мәселеге айналуда. Осы орайда «Болашақ» университеті ғалым-мамандары сұранысқа сай мамандар даярлауда. Студенттердің теориялық білімдерін іс тәжірибемен ұштастыру мақсатында заманауи технология мен жабдықталған оқу-ғылыми-өндірістік кешендер құрылған. «Қор» мұнай компаниясы, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған. Биылғы жылы университтің агробиологиялық жер телімдері іске қосылады. «Ауыл шаруашылығы малдарының селекциясы және генетикасы» тақырыбында ғалымдар Нұрлан Мұқанов пен Бақыт Мықанов патент алып, республикалық ғылыми бағдарлама бойынша жұмыс жасауда. Сондай-ақ микробиология және вирусология институттарымен бірлесіп, биопрепараттар технологиясы жобаларын іске асыруда.

Педагогикалық бағытта 20 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Үмбетов сапалы білім беруге ықпал етіп отырады. Инновациялық технологияны жетілдіру үшін биылғы оқу жы­лын «Сапа жылы» деп атап, оқытушылар мен студенттер арасында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуде. Университетте сапалы оқу процесін ұйымдастыруда балалардың білімін қадағалайтын тіркеуші офис жұмыс істейді. Бұл офис ақпараттық технологиялар жетістігін қолданатын корпорациялық-телекоммуникациялық жүйелер орталығы болып табылады. Сонымен «Болашақ» университетінде оқытушы үшін де, студент үшін де барлық жағдайлар жасалынған деп мақтанышпен айта аламыз.

//Сыр бойы.-2013.-7 мамыр.-6 б.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница