Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



страница3/15
Дата01.11.2016
Размер2.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Филологи за работой
В Астане прошел первый Съезд филологов Казахстана, организованный Министерством образования и науки и собравший свыше 600 делегатов со всей республики, а также зарубежных специалистов.

Первый день съезда участники провели за работой в секциях, обсуждая самые актуальные вопросы: триединство языков, совершенствование методик преподавания языка и литературы, подготовку специалистов-языковедов в условиях модернизации системы образования... Во второй день форума состоялось пленарное заседание, участие в котором принял министр образования и науки Бакытжан Жумагулов.

Поскольку гуманизация общества стала одной из насущных проблем современного мира, возрастает значимость филологической науки, подчеркнул он и поставил перед педагогами и учеными ряд целей, достижение которых будет способствовать развитию этой сферы. К числу важнейших задач Б. Жумагулов отнес совершенствование изучения литературы на казахском языке, развитие лингвистического потенциала казахстанцев, кардинальное расширение подготовки казахскоязычных IT-специалистов и так далее. Он также отметил, что необходимо провести всеобщий анализ казахской литературы на соответствие нормам современного казахского языка как государственного и сформировать Национальный корпус казахского языка.

Большая работа предстоит филологам в связи с переходом госязыка на латинскую графику. Министр выразил уверенность: работа съезда внесет достойный вклад в совершенствование филологического образования и науки. Он также отметил, что подобные мероприятия планируется проводить регулярно.


//Казахстанская правда.-2013.-18 мая.-С. 2



Амантай НУРМАГАМБЕТОВ, ректор Актюбинского государственного педагогического института, доктор политических наук, профессор

Поднять статус педагога

Это стратегическая задача, в решении которой должны деятельно участвовать все слои общества.

«Чтобы стать развитым, конкурентоспособным государством, мы должны стать высокообразованной нацией», – отметил Президент Нурсултан Назарбаев в Стратегии «Казахстан-2050». И главной фигурой в подготовке компетентного специалиста должен стать педагог. Поэтому его статус имеет решающее значение в социальной модернизации общества. В нашей стране по поручению Главы государства принимаются серьезные меры по повышению престижа профессии педагога. Вместе с тем перелом в общественном сознании, сознании родителей и детей еще не произошел. Проходной балл на государственный грант по педагогическим специальностям остается низким. Значительная доля выпускников педагогических вузов не хочет работать в школе. Данные социологических исследований, проведенных в нашем институте, показали, что 13,7% абитуриентов не готовы к профессии учителя. Диплом для них лишь средство обретения социального статуса. Беспокоит и гендерное несоответствие педагогического состава: 81,3% составляют женщины. Эти и другие примеры говорят о том, что проблема привлекательности профессии учителя и его карьерного роста остается довольно острой.

Следовательно, надо искать новые шаги по повышению статуса педагога. Стоит, видимо, подумать, и о приведении его параметров в соответствие с международными стандартами, которые были приняты Международной организацией труда еще в 1966 году. Желательно размер заработной платы педагогов пересматривать с учетом инфляции, повышением жизненного уровня...Для продуктивной работы учителя весьма важно соотношение учитель/ученик привести в соответствие с европейскими стандартами (школы – 1:15, гимназии – 1:18). Есть смысл, по опыту Финляндии, ускоренными темпами развивать систему поддержки школьников, увеличив тем самым количество работающих с учениками психологов и социальных работников. Для включения всего общества в образовательно-воспитательный процесс, может быть, стоить возродить «Педагогическое общество», которое объединит усилия сферы образования, НПО и местных исполнительных органов. На наш взгляд, эти и другие моменты школьного образования, по опыту КНР, можно было бы отразить в специальном законе об учителе.Низким у нас остается и статус преподавателя педагогического вуза. В зарубежных странах с развитой системой образования учебная нагрузка преподавателя высшей школы составляет 200–250 часов и даже меньше. Поэтому он располагает необходимым временем для самообразования. Решение этого вопроса, естественно, упирается в финансовые возможности. Полагаем, что многое могут дать развитие государственно-частного партнерства в подготовке учительских кадров, укрепление связей учреждений образования с бизнес-структурами. В связи с этим следует особо отметить проведенный в прошлом году МОН РК конкурс меценатов образования. Учитывая зарубежный опыт, нам также следует план приема студентов на педагогические специальности строить исходя из реальной потребности в кадрах, объединить усилия работодателей в лице уполномоченного регионального органа образования и педагогического вуза. Сегодня подготовительную работу по набору студентов на первый курс мы стараемся организовать с учетом этих обстоятельств. Перестраиваем работу институтского Центра научно-педагогических исследований.

Как отмечено в Стратегии «Казахстан-2050», в скором будущем молодых специалистов будет ожидать независимое подтверждение полученной квалификации с участием объединений крупнейших работодателей. Данная процедура коснется и наших выпускников. Профессиональную пригодность будущих учителей будет определять компетентная комиссия. Следовательно, мы должны заранее вести целенаправленную работу среди выпускников по подготовке к этому испытанию.
//Казахстанская правда.-2013.-18 мая.- С.9
Қылышбай БИСЕНОВ,Қорқытата атындағы ҚМУ ректоры,техника ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.
Кемел келешектің кепілі
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы елімізді әлемдік өркениеттің биік белестеріне жеткізетін басым бағыттарын саралап берген маңызды құжат, халқымыздың кемел келешегіне, жарқын болашағына деген сенімін нығайтып, ұлы мақсаттарға бастап, жігерлендіретін сындарлы бағдарлама. «Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары жаңғырту жүргіздік. Көптеген елдерде 100, тіпті 150 жыл керек ететін істерді» атқардық деп Елбасымыз атап өткендей, тәуелсіздік жылдары біздің мемлекетіміз жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл шын мәнінде өзінің даму стратегиясын нақты белгілей алған мемлекеттің ғана бағындырар белесі екенін өмір көрсетіп берді.

Соңғы жылдары әлемдік өркениет талабына сай өріс алған ірі реформалар қатарында білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, қандай бір мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның білім, ғылым саласының дамуымен, өркендеуімен өлшенеді. Білім мен ғылым – еліміздің ең басты байлығы, баға жетпес құндылығы. Жолдауда «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деп талап қойған Елбасы сауаттылық мәселесінің қазіргі заманда әлдеқайда тереңдей, күрделене түскендігін атап өтті. Білім, ғылым саласындағы негізгі басымдықтарды саралап берді.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білім мен ғылым саласына барынша көңіл бөліп, оларды әлемдік талаптарға сәйкестендіру мәселелерін міндет етіп қойып келеді. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» да Елбасы тапсырмасымен қабылданып, жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде аталған бағ­дарламада көзделген жұмыстардың алғашқы нәтижелеріне қол жеткіздік. Бүгінгі күні елімізде білім мен ғылымды дамыту жолындағы атқарылып жатқан жұмыс­тарға келетін болсақ, ТМД елдерінде әлі де қолға алынбаған электронды оқыту, жан басына қарай қаржыландыру, білім сапасына ұлттық деңгейде бақылау жасау, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің білімдеріне тәуелсіз сараптама жасау, академиялық ұтқырлық, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі, жұмыс берушілермен жоғары оқу орындарының жаңа мазмұндағы әріптестік байланыс орнату мәселелері оң нәтижелерін беруде.

Қандай мемлекет болмасын оның қарышты дамуы заман талабына сай еңбек етіп, қызмет атқара алатын мамандардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы ХХІ ғасыр мамандарын даярлау мәселесіне, соның ішінде, инженерлік білім беру мен техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды басты бағыт ету қажеттігін алға тартты.

Елімізді әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отырған Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға баса назар аударып келеді. Бүгінгі күні әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағыт алған мемлекетімізде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінуде. «Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз», – деген Елбасы сөзі ең алдымен ғалымдар мен ғылыми орталықтардың жаңа мазмұндағы бағыт-бағдарын айқындауға негіз болып отыр.

Сонымен қатар, Жолдауда көтерілген өзекті мәселенің бірі – өңірлерді дамыту мәселесі. Өңірлер мен мегаполистер арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жағдайлардың теңестірілуі үшін тиімді жаңа тетіктер мен жолдар белгіленді. Осы ретте бүгінгі күні Қызылорда облысында өңірді қайта жаңғырту бағытында жасалып жатқан жұмыстарды айта кетуіміз керек. Облыс әкімінің 2013 жылға арналған іс-қимыл жоспарында негізгі басымдықтар индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында инфрақұрылымды, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларын дамытуға бағытталып отыр. Өңірдегі қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар Сыр өңірі халқының болашаққа деген сенімін нығайтып, нәтижелі еңбекке жігерілендіруде.

Өңірлерді дамытуда аймақтық жоғары оқу орындарының ғылыми-шығармашылық әлеуетінің орны ерекше. Сондықтан әрбір аймақтағы білім мен ғылымның ордасы, мәдениет пен руханияттың орталығы болып табылатын мемлекеттік жоғары оқу орындары сол өңірде индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асуына, әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени-рухани өркендеуі мен жаңғыруына үлес қосатын бірден-бір орта болып қызмет атқаруы уақыт талабы.

2011 жылы Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының инновациялық жобалар каталогы жасалып, коммерцияландыруға ұсынылды. Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі басым бағыттары бойынша дайындалған 50-ге жуық тың жобалардың алды қазір өндіріске енгізіліп, патенттелді. Сондай-ақ, осы каталогқа енген 10 жоба бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық негізде қаржыландыру жолымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған ғылыми жобалардың басым бөлігі аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани салаларын дамытуға бағытталған.

Еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі жетістіктерінің бірі 2017 жылы Халықаралық ЭКСПО көрмесінің Астана қаласында өтуі. Университет ғалымдары қазіргі кезде көрмеге қатысуға бағытталған ғылыми жобаларын дайындау үстінде.

Сырдарияның төменгі ағысы бойында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу, археологиялық ізденістердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу мақсатында университетте Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жүргізіп келеді. Орталықта археологиялық жәдігерлерді өңдеп, қалпына келтіретін зертхана және көрме залы жұмыс жасайды. Ғылыми қызметкерлер Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институттарының аспирантурасында білім алған білікті жас мамандар.

Сыр өңіріндегі өркениеттің даму тарихы түркі халықтарына ортақ тұлға Қорқытата ғұмыр кешкен VIII-IX ғасырлардан бастау алады. Ұлттық мәдениет пен руханияттың кенішіндей Сыр өңірінің осындай мәдени тарихын зерттеу мақсатында университеттің «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институты, биылғы оқу жылында құрылған «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі», «Дінтану» зерттеу орталықтарының ғалым-қызметкерлері тың жобаларды қолға алуда.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Жолдауында негізгі басымдық ретінде қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы мәселесіне баса назар аударылды. Елбасымыз үштілділіктің мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы қажет екендігін айта келе: «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», деп әлемдік бәсекелестікке төтеп берудің сара жолы ретінде болашақ мамандардың бірнеше тілді игеруін атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық талаптарға сай көптілді мамандар даярлау ісін қолға алды. 2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың информатика, математика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарында көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес оқу үдерісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілуде. Университет орта мектептерге көптілді педагог мамандарын даярлау үшін 2013-2014 оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтарды кезең-кезеңімен көптілді оқыту бағдарламасына көшіруді жоспарлап отыр.

Биылғы оқу жылында көптілді білім беру бағдарламасын Корея Республикасы Кангнам университетінің профессоры, доктор Ким Фил Янг, Румыния Респуб­ликасынан магистр Аурамария Танасэ, Нидерланды Корольдігінен магистр Тайс Бенсхоп, Чех Республикасынан магистр Люци Кралова және оқу орнының оқытушы-профессорлары жүргізуде. Сондай-ақ, оқу ордасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрену, Қазақстанның мәдениетімен танысу мақсатында Корея Республикасы Кангнам университетінен 9 студент келіп білім алуда.

Отандық білім беру жүйесіне алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын тиімді енгізудің маңызы ерекше. Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқу үдерісін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін игеріп, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану бағытында жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Оңтүстік Кореяның Каннам университетінде екі студент қос диплом бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда. 2011-2012 оқу жылында Ресей Федерациясының Новосібір мемлекеттік университетіне, Ухта мемлекеттік техникалық универ­ситетіне, Омбы мемлекеттік аграрлық университетіне және Қытай мұнай-газ университетіне 30-ға жуық түлегіміз магистратура бағдарламасы бойынша оқуға қабылданды. Университет магистранттарын жыл сайын алыс-жақын шетелдердегі оқу орындарына ғылыми тағылымдамаға жіберу дәстүрге айналған.

2004 жылдан бастап университет Еуропа комиссиясының Темпус бағдарламасы бойынша бірнеше халықаралық жобаларға қатысып келеді. Бағдарлама аясында Бірлескен еуропалық жобаларды жүзеге асыру мақсатында консорциумдардың мүшесі болып, «Қазақстанда оқу бағдарламаларын инновациялық жолмен дамыту және бизнес-пәндерді оқытуды қайта құру» (Роберт Гордон, Ұлыбритания), «Геоинформатика: энергияны, ресурстарды және қоршаған ортаны басқару» (Зальцбург университеті, Австрия), «Орта Азия елдеріндегі білім беруді басқару және педагогика оқу бағдарламаларын дамыту мен модернизациялау» (Германия, Магдебург қаласындағы Отто-фон Герике университеті,) «Қазақстандағы демократиялық қатысу және студенттердің өзін өзі басқаруы» (Дрезден техникалық университеті, Германия) атты 4 жобаны жүзеге асыруда.

Осының барлығы айналып келгенде халықаралық білім, ғылым кеңістігіне интеграциялану мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар.

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби білікті мамандар даярлауда жұмыс берушілердің талап-тілектерін, ұсыныстарын білім беру бағдарламаларына енгізу уақыт талабы. Сондықтан да университет білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып жасауды жаңаша жолға қоюда. Бүгінгі күннің өзінде 50-ден астам жұмыс беруші ұйымдар мен мекемелер білім беру бағдарламаларын жасауға атсалысып келеді. Университет ректораты жыл сайын жұмыс берушілермен таңдау пәндерінің каталогын, бітірушілердің кәсіби құзыреттілік тізбесін келісіп отырады, сондай-ақ, білім алушыларды мақсатты даярлау бағытында жұмыс жүргізуде.

Болашақ маман жоғары оқу орнында тек білім мен ғылымның нәрімен сусындап қана қоймай, адамгершілік қасиеті, мәдени-эстетикалық талғамы жоғары, ұйымдастырушылық-басқарушылық қабілеті қалыптасқан азамат-тұлға болып шығуы қажет. Сондықтан да қазіргі университеттердің алдында ХХІ ғасырдың тұлғалы азаматын даярлау міндеті тұр. Осы ретте университеттегі студенттік ұйымдар мен өзін өзі басқару жүйесінің рөлі ерекше.

Студенттердің өзін өзі басқаруына негізделген Студенттік кеңес университеттегі жастар ұйымдары мен түрлі үйірмелердің, секциялардың үйлестірушісі қызметін атқарады. Жастар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында құрылған «Қыран» жасағы жұмысы қазірдің өзінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. «Ұлағат ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі де мектеп оқушыларымен бірлескен іс-шаралар өткізу және оларға кәсіби бағдар беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. «Жасыл ел» студенттер жасағы қаламызды көркейту-көгалдандыру жұмыстарының белсенді ұйымдастырушысы, әрі тікелей жүзеге асырушысы деп айта аламыз.

Кәсіби білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, бірнеше тілді меңгерген, отансүйгіш, ұлтжанды мамандар даярлау арқылы біз еліміздің жарқын болашағын жасайтын боламыз. Бүгін біз тәрбиелеп отырған жастар – ертеңгі ел болашағы. Елбасы Жолдауында көтерілген келелі мәселенің бірі – жаңа қазақстандық патриотизм. Өз Отанына деген сүйіспеншілік пен сенім әрбір қазақстандықтың жүрегіне ұялаған кезде ғана біз өз елімізді гүлдендіре аламыз. Отансүйгіштік пен елжандылықтың бастау бұлағы – ел ішіндегі ауызбірлік пен түсіністік, ынтымақ пен бірлік. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ғана өзін мемлекет ретінде сақтап, қорғай алады, әлемге дамыған мемлекет ретінде танытады. Бұның жарқын көрінісі Елбасымыздың кемел ойы, кемеңгерлік шешімімен өмірге келген Қазақстан Халқы Ассамблеясы.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының көпжылдық тәжірибесі өзінің тарихи қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Тек біздің мемлекетімізде ғана емес, әлемдік саясаттағы құбылыс ретінде Ассамблея жұмысы көптеген шетел мемлекеттері үшін қызығушылық туғызып отырғандығын айта кетуіміз керек.

2013 жылдың 24 сәуірінде өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында Мемлекет басшысы елімізде қалыптасқан бейбітшілік пен түсініс­тікті сақтап оны, қорғау негізгі міндет екендігін ерекше атап өтті. Елбасымыздың саясатын жүзеге асыру жолында қызмет ету барлық қазақстандықтардың азаматтық, перзенттік парызы.


//Егемен Қазақстан.-2013.- 18 мамыр.-3 б.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Қазақстантану» пәні

арқылы жастарға елді, жерді, ұлтты танытуға, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеуге болады
Ұлттың ұлт болып ұйысуында, қоғам дамуымен қиысуында, рухани жағынан мықты, мығым болып қалыптасуында, құндылықты хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуде тілдің орны бөлек. Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай, жоғалмайды» деуі содан болар. Тағдыры талай талқыға түссе де тамыры құрғамай, құрдымға құламай, бүгінге жетіп, тәуелсіздігіміздің жаршысы болған қазақ тілі қашанда қадірлі. Міне, сол тілдің мәртебесін өсіру мақсатында тұңғыш рет отандық филологтардың съезі елордада болды. Мұндай игілікті іске осыған дейін математиктердің, биологтардың, тарихшылардың құрылтайын ұйымдастырған Білім және ғылым министрлігі ұйытқы болғанын айта кетсек дейміз. Алқалы жиын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған мемлекеттік тілдің беделін арттыру жолындағы берген тапсырмасын мүлтіксіз орындау ниетінде ұйымдастырылып отыр екен.

Съезде алғашқы сөзді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алып, филология барлық гуманитарлық ғылымдарды біріктіретінін атап өтіп, Президенттің «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», деген сөзіне жүгініп, біріншіден, тіл білімі саласындағы педагогтар мен басқа мамандардың сапасын арттыру, оқушылар мен сту­денттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық құрамының деңгейін көтеру, филологиялық білімнің әлеуметтік маңызын жоғарылату мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Қазір филолог кадрларға деген сұраныстың артып келе жатқанын, 2 жылдан кейін 4 мың, ал 7 жылдан кейін 10 мың білікті маман керек екенін нақты мысалдармен дәйектеді.

Жаңа ғасыр басында мектепке дейінгі ұйымдардың 25 пайызы ғана мемлекеттік тілде болса, бұл күндері ол көрсеткіш 75 пайызға жуықтады. 93 мыңнан аса өзге ұлт балалары қазақ тілді балабақшаларда тәрбиеленуде. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны азаттық алғаннан бергі кезеңде мыңнан асты. Қазір 3819-ға жетті. Ел балаларының 64,5 пайызы мемлекеттік тілде оқиды деген министр тіл үйренуде әлемдік тәжірибеден дәйектер келтіріп, әйтседе, «Еуропалықтардың қа­зақ тілін оқытуға арналған әдістемені әзірлегені» туралы сілтемелердің көбейіп кеткенін, мұның қаншалықты жақсы-жаманын сарапқа салатын біздің ғалымдар емес пе, лингвистеріміз қайда, деген сұрақты төтесінен қойды. Отандық зиялылар тіл үйренудің әдістемесін жедел түрде іліп әкететін уақыт жетті, деп қазақ тілін үздіксіз деңгейлеп оқыту мемлекеттік стандартын әзірлеуді тапсырды. Үштұғырлы тіл, өзге этнос тілдері туралы да тиянақты ойын ортаға салып, маңызды міндеттерді атады.

Қазақ тілін өз Отанымызда ғана емес, әлемдік деңгейге көтеру мәселесі жан-жақты қозғалып, интеграциялануы шеңберіндегі жұмыстың сапалы атқарылуы қаралған құрылтайда зиялы қауым өкілдері де сөз алып, пікірлерін алға тартты. Мысалы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Уәлихан Қалижан, ұл-қызымызды тәрбиелеудегі тілдің рөлі туралы айтып, сөз тілге, тіл сөзге тәуелді, ол әдебиет пен тарихтың күре тамыры, деп өзі басқарып отырған іргелі мекеменің жұмысына тоқталды. Сапасыз сөздіктерді, сапалы оқулықтармен алмастыру керектігін, бұған қоса, сырт мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бауырларымыздың әдебиеті мен мәдениетін, өнерін жинақтау қолға алынғанын, мұндай істе әрқайсымыз халықтың көзі, ұлттың сөзі болуға тиіспіз, деді. Ұлыбританияның «NILE» лингвистикалық институтының өкілі Аллан Пульвернесс қазақ тілі мен әлем тілдерін ұштастыра отырып, құлаққа жағымды баяндама жасап, сөз аяғын мемлекеттік тілде түйді. Алматы облыстық Ш. Смағұлов атындағы мектеп интернатының мұғалімі Бақытнұр Әділов, тіл мен әдебиетті оқыту туралы өзінің келелі ойларын жұрт талқысына салып, бір замандары жұртшылықтың көңілінен шыққан Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» секілді туындылардың қазір болмай тұрғанын айтып, қазақ қаламгерлеріне бүгінгі заманның талабына сай шығармалар жазса деген тілегін жеткізді. Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина өз сөзін қазақша бастап, одан кейін ағылшынша таратып, орысша көсілтіп, жаңашылдық танытты. Құрылтай аясында «Филология: классикадан инновацияға дейін» деген көрме ұйымдастырылды. Жалпы, бұл құрылтай мемлекеттік тілге жаны ашитын, соның жыртысын жыртып, сөзін сөйлеп жүрген рухы мықты жандарды бір серпілтіп тастағаны анық.

//Егемен Қазақстан.-2013.- 18 мамыр.-6 б.

Уәлихан БИШІМБАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, академик.
Мемлекеттік мүдде және ғылыми әлеует

Әлемдегі қай мемлекет те өзінің экономикасы әлеуетті, халқы ауқатты болғанын қалайды. Осы жолда тартысты бәсеке басталғалы қашан?! Бүгінгі таңда бәсекелестік тіпті күшейе түсті. Дамыған елдер қазіргі жетістіктеріне тек қана ғылым мен білімнің арқасында қол жеткізіп отыр. Жаһандық жарысқа түскен Қазақстан да келешекте әлі де биік белестерді бағындыруды көздейтіні анық. Ұлы Абай: «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген жоқ па?! Ақынның бұл сөзін барша қазақ жастарына арналған өсиеті, аманаты деп ұғынуымыз керек. Халықты ғылым мен білімге бастайтын – ғалымдар мен ұстаздар. Осы орайда, зиялы қауымның қоғамдағы рөлі туралы ойларды ортаға салуды жөн көріп отырмын.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда жария еткен елдік маңызы зор «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік дамуымыздың келешегін айқындап беретін негізгі 7 бағытты ұсынды. Соның ішінде 7-бағыттың 5-тармағы «Ұлттық интеллигенцияның рөлі» деп аталады.

Кезінде ағылшынның көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер Уинстон Черчилль «ақыл империясы болашақ империясы болмақ» деген екен. Сондай-ақ, Уинстон Черчилльдің «Мектеп мұғалімдері орасан зор билікке ие, ол туралы премьер-министрлер тек қана армандауы мүмкін» («Школьные учителя обладают властью, о которой премьер-министры могут только мечтать») деген тамаша сөзі бар.

Тегінде, зиялы қауымға мұғалімдер, дәрігерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар жатады. Зиялыларды тек қана ақын-жазушылар, әртістер деп түсініп қалмауымыз керек. Кейде облыс басшылары зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізгенде, ақын-жазушыларды, әртістерді шақырады, алайда, араларында ғалымдар көрінбей қалады.

Бар өмірлерін тек қана ғылым жолына арнаған азаматтар бар. Олар өмірге онша епті бола бермейді. Сондықтан өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуды көп ойламайды. Үнемі ғылыми ізденістері бойынша бір нәтижеге қол жеткізсем деген мақсат жолында жүреді.

Ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен, әлі де әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарға толықтырулар енгізіп, нақты іс-шаралар қабылдау қажет деп ойлаймын.

Қазір еліміздің экономикалық әлеуеті қарқын алып келеді. Соған орай зиялы қауым өкілдері де әлеуметтік жағынан қорғалуы қажет. Жақсы тәжірибені жүзеге асыра білсек, алға басамыз. Өткен кезеңнің де өнегелі дәстүрін ала білуіміз керек. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде зиялы қауымды қоғам дамуының идеологиялық майданында тиімді пайдалана білді. Сол кездегі билік халықты біріктіретін, елді алға бастайтын күш зиялы қауым екенін түсінді. Оларды әлеуметтік жағынан қорғаудың жақсы үлгілері қалыптасты. Мысалы, үй бөлген кезде, ол ғылым кандидаты болса, оған 18 шаршы метр бөлме қоса берілетін еді. Осындай ерекше қамқорлық Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгерлерге де жасалды.

Ғылым мен білім – барлық мамандықтың негізі. Құнды дүниелер жазу үшін қаламгерлер биік парасат иесі және білімді болуы керек. Классик жазушы Ғабит Мүсірепов: «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы бола алмайды», деп бекер айтпаса керек.

Менің айтайын дегенім, ғылым мен өнердің қай саласында да нағыз таланттыларды қолдау қажет.

Өзге адамға ғалымның өмір бойғы еңбегі оңайлықпен көрінбейді. Ол өзінің зерттеуге алған тақырыбын күні-түні зерделеумен айналысады. Халқымыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» дейтін болса, мен «Нағыз ғылым – инемен құдық қазғандай» дер едім. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Нәсір әл-Фараби: «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу», депті. Жас ғалым өзі алған тақырыбын терең зерттейді. Қоғам дамуына қажетті жаңалықты ашу жолында бар күш-жігерін жұмсайды. Ашқан жаңалығы жаңа технологияға пайдалануға жарай ма, жарамай ма, экономикалық жағынан тиімді ме, жоқ па, соның бәріне сараптама жасайды. Бұл қажырлы еңбекті қажет етеді.

Нағыз ғалымдарды халық ерекше құрмет тұтады, олардың ой-пікірлерін, ғылыми негіздерін қызығушылықпен тыңдайды. Мысалы, бүгінгі таңда Елбасы «жасыл көпір» мәселесін жиі көтеруде. Жаңа ғасырда экономиканы дамытуға экологиялық жағдайды қорғау арқылы қол жеткізуге баса мән беріліп отыр. Зиянды қалдықтар болмауы керек. Қоршаған ортаға, адам денсаулығына зиян келтірмеуге тиіс.

2017 жылы Астанада өтетін әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі экологиялық таза өнім алуға көшуімізге серпіліс беруге тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері жинақталатыны болжанып отыр. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауда барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайта түскенін, 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына жететінін мәлім етті. Біздің ел де осы әлемдік үрдістен қалып қоймайтыны анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта күн батареялары, энергия үнемдейтін шамдар, газбен және сутегі отынымен жүретін автомобильдер, электромобильдер пайдаланылатын болады. Сондықтан компаниялар мен кәсіпорындардың барлық басшылары, елдің барлық азаматтары осы ағымды ескеріп, энергияны қалай сақтауға болатындығы жөнінде ойланулары керек», деді.

Осы бағытта қазір Парламентте заң қабылданып жатыр. Елбасының тапсырмасына орай көптеген іс-шаралар қолға алынды. Осындай жұмыстар келешек ұрпақ үшін керек. Ал оны халыққа түсіндіретін зиялы қауым өкілдері екені анық.

Облыстарда өткен кездесулерде тұрғындар кейбір өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту үшін және халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін сол аймақтағы қазба байлықтарды қалай пайдалануға болатынын сұрайды. Бұл – қоғам үшін өте маңызды мәселе. Сондықтан өңірлердің жағдайын жақсарту, қазба-байлықтарды игеру ғылыми зерттеулерге негізделіп және Елбасының саясатымен байланыстыра отырып жүзеге асырылуға тиіс. Облыс басшылары осы мақсатта ғалымдармен бірлесе қызмет атқарса, нәтижесін халық көреді.

Бүгінгі таңда заман жаңару үстінде. Заңдарымыз да өзгеріп жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты заңдар жетілдірілді. Әкімшілік жауапты қызметтегі адамдар үшін талаптар күшейтілді. Елбасы өзін-өзі басқару саласын дамыту мәселесін үнемі көтеріп келеді. Парламент депутаттары да осы салада өз пікірлерін ортаға салып жүр.

Соған байланысты бізге жаңа формацияның интеллигенциясы керек! Елбасы біздің ойымызға осы ұстанымды салып отыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер жан-жақты білімді, білікті, өркениетті, мәдениетті болуға тиіс. Әйтпесе, биліктегілерге жабысып қалған «шенеунік» деген жағымсыз атау әлі қалмай келеді. Халық шікірейіп тұрған адамды көрсе, «мынау шенеунік пе?» дейді.

Өңірлерде қызмет атқаратын аудан және ауыл әкімдеріне де үлкен міндеттер жүктелуге тиіс. Олар халықпен сөйлесе алатын, пікірімен санасатын, Елбасының саясатын түсіндіре алатын болуы керек. Ауылдың жағдайын жақсы білуі қажет. Ол өңірді дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек, экономикасы мен шаруашылығы қандай жолмен дамуы керек, аудан көлемінде қандай ресурстарды пайдалануға болады, инвестиция тартылатын жобалардың әзірленуіне ықпал ету үшін, аудан, облыс арасындағы байланысты арттыру үшін не істеу керек, міне, жергілікті әкімдер осы сауалдарға жауап бере алатын болғаны жөн.

Елбасы биотехнология, техника, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса мән беріп отыр. Мұны елге арнаған Жолдауында да айтты. Бұл бізге үлкен серпіліс береді. Экономика халықтың әл-ауқатын арттырады. Оның негізі – бәсекеге қабілетті нарықта өтетін тауар. Ал тауарды өндіріс орындары жасайды. Өндірісті озық үлгіде жүргізетіндер – ауыл шаруашылығы мамандары, агрономдар, мал шаруашылығы мамандары, биотехнологтар, инженерлер, химиктер, металлургтер, мұнайшылар, мұнай өнімін өңдейтін инженерлер және аталған саланың мамандары, жұмысшылар. Оның бәрі білім мен ғылымға, техникаға тікелей байланысты. Соңғы жылдары жастар арасында экономист және заңгер мамандығын алушылар көбейіп кеткені жиі айтылып жүр. Әрине, бұл мамандық иелері де керек. Бірақ біздің экономика локомотивін экономистер мен заңгерлер тартпайды. Нағыз жұмысты жасайтындар барлық саланың білікті мамандары, инженерлер мен жұмысшылар екені анық. Бізге техника, ауыл шаруашылығы саласының мамандары аса көп керек. Тек жоғары білімді ғана емес, орта кәсіби білімді мамандар да өте қажет. Осы салада еңбек ететін, жаңалықтар ашатын ғалымдар да керек.

Жалпы, біздің қоғамда интеллигенцияның орны ерекше. Өйткені, халық ғалымдардың, жазушылардың, саясаткерлердің, ғалым экологтардың, техника саласы ғалымдарының ой-пікірлерін қызыға тыңдайды. Мұны өзімнің өмірлік тәжірибемнен де көріп жүрмін. Жаңа ғасырда биотехнология саласы дамып келеді. Әлемнің дамыған елдері «Жасыл экономика» бағыты бойынша таза экологиялық өнім алуға көшуде. Осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар халықпен көбірек кездесіп, баспасөзге шығып, жаңа бағыттарды және басқа да әлем жаңа­­лықтарын жан-жақты ұғындырғаны жөн болар еді.

Сондай-ақ, өзге саланың ғалымдары да жердің құнарлылығын жоғалтпай, оның сапасын арттыру, экологиялық таза өнім алу мәселелері бойынша түсінік бергені жөн. Ғылыми жетістіктерге негізделген бағдарламаларды өмірге енгізуіміз керек. Ғалымның қоғам дамуына, елді алға бастыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосатын тұсы осы болмақ. Ғалымдар ғылым мен экономиканың дамуын Мемлекет басшысының стратегиялық саясатымен байланыстыра отырып түсіндіруі керек. Яғни, Елбасы Жолдауын жүзеге асырудың тетігін айқындап беру – салалық интеллигенция өкілдерінің міндеті.

Бүгінгі таңда ауылды көркейту, ауыл шаруашылығын көтеру мәселесі алға қойылып отыр. Елбасы ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал басы санын арттыру, сол арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және өз өнімдерімізді экспортқа шығару жөнінде нақты тапсырмалар берді. Әркім өз жерін өзі игеріп, бөлек-бөлек тіршілік кешіп жатқан заманда, бәрінің басын қосатын білімді де білікті мамандар керек. Олар ауыл шаруашылығының қыр-сырын білуімен қатар, ауыл тұрғындарының ой-пікірін білетін, өсіп келе жатқан жастарға ықпал ете алатын тұлға болғаны дұрыс.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ұсынылатын ғылыми жетістіктер экономика үшін де, халық үшін де қажет. Ал ірі жобалар болса, ол елге, өңірге инвестиция тартуға ықпал етуге тиіс. Оны да ғалымдар жасайды. Бірақ та ғалымдардың жұмысы көп уақытта көрінбей қала береді. Ғалымдар өз саласын біледі де, басқа мәселеге араласпайды. Олар жұмыстарын тыңғылықты атқарғанмен, өмір сүруге келгенде көпшілігі өздерінің мәселелерін шеше алмай жатады. Сондықтан ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау керек. Әсіресе, үймен қамтамасыз ету, жалақысын көтеру мәселелері бірінші кезекте шешілгені жөн. Сонда ғалым зерттеу жұмыстарымен алаңсыз айналысады. Жалпы, ғалымдар өздерінің ізденістерімен ғұмыр кешеді. Алайда, тапқан бір жетістігімен-ақ ел экономикасына қыруар пайда әкеле алады. Соның өзі еселі еңбек ретінде бағалауға жетіп жатыр. Оның үстіне қазір Елбасымыз адамзаттың үшінші индустриялық революция табалдырығында тұрғанын, ХХІ ғасыр – ғылымның ғасыры екенін айтып отыр. Жаңа революцияның ғылымның жаңалықтары негізінде жасалатыны күмәнсіз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» стипендиясының иегерлерімен өткен кездесуінде «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасын жария етті. Елбасы Қазақстанды дамыту үшін «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», деді. Айта кету керек, «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының негізінде үш аспект бар. Біріншісі – Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс. Екіншісі – ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру. Ғылым инновациялық экономиканың негізі болуы тиіс. Үшіншісі – инновация жүйесін дамыту. Міне, Елбасы ұсынған тәуелсіз еліміздің жаңа ұрпағын қалыптастырудың барлық бөлігінде де ғылым мен білімге сүйенуіміз қажет екені айқын көрініп тұр!

«Қазақстан-2050» Стратегиясын кімдер іске асырады? Әрине, қазіргі жастар. Мысалы, биыл туған балалар 2050 жылы 37 жасқа толады. Жастарды жаңа ғылымға, жаңа білімге, ізденіске тарту керек. Бұл жас ұрпақтың өмір сүру дағдысына айналуы тиіс.

Елбасы әлеуметтік жаңғыртудың негізі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамда жатқанын атап көрсетті. Осы 20 қадамға да біз жаңа білім арқылы қол жеткізетін боламыз. Өйткені, ендігі жерде бұрынғы алған мамандықтар бойынша жұмыс істей алмайтын кезеңге келіп отырмыз. Қазіргі таңда кәсіпкерлер, жұмысшылар білімге сүйенуі шарт. Олар жаһандық дамудан да хабары болғаны жөн. Сонымен қатар, информатиканы, ғылыми сызбаларды білуі керек, конструкторлық жұмыстарды да меңгеруге тиіс. Яғни, жоғары кәсіби қасиеттерге ие болуы қажет. Ол үшін тек қана білім керек.

2009 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушыларына және студенттеріне арнап дәріс оқығаны есімізде. Сол басқосуда Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет екенін айтты. «Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың, бірінші кезекте, жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту», деді Елбасы.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасын жүзеге асыра алмасақ, Қазақстанды бәсе­кеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыра алмайтынымызды да ескертті. Қысқасы, бүгінгі заман алдағы уақыттарда да болуы ықтимал жаһандық дағдарыстарға төтеп беру үшін және осы жолда кездесетін проблемаларды шешу үшін біздің халықтан интеллектуалдық күш-жігерді талап етеді.

Сонымен қатар, ел Президенті жаңа Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда интеллигенция ел болашағының ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы осы тұрғыдағы ойларын «Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой», деп түйіндеді. Ендеше, осы ұлы мақсат жолында ғылым мен білімнің толағай жетістіктеріне жету үшін бәріміз де атсалысуымыз қажет. Бұл істе, әсіресе, ғалымдардың, педагогтардың, барша зиялы қауымның қосар үлесі зор болмақ!
//Егемен Қазақстан.- 2013.- 21 мамыр.- 3 б.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница