Л. Н. Гумилев атындағы



Скачать 18.23 Kb.
Дата10.05.2016
Размер18.23 Kb.
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)



Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы, Астана қ., 2013 жыл 5 наурыз.

Шығысқазақстандықтар Астана жұртшылығын тағы да үздік өнерімен тәнті етуде. 40 жылдық тарихы бар Абай ауданының «Қаламқас» халық ән – би ансамблі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астанаға – Шыңғыстау - Абай өңірінің ән-күй шашуы» атты концерт қоюда.


Шығыс Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып 1972 жылы құрылған «Қаламқас» ән-би ансамблі өткен жылы өзінің 40 жылдық мерейтойын тойлады. 1973 жылы Чехословакияның Стражница қаласында өткен этнографиялық өнер ұжымдарының әлемдік сайысында Одақ намысын абыроймен қорғап, Түркия, Чехословакия, Венгрия, Қытай мен Ресей сынды елдердің сахнасында «өнерде шек жоқ» ұжым екендігін дәлелдеген.

Қазақ халқының өнердегі мақтанышына айналған ұжым сонау кеңес заманынан бері талмай Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында гастрольдық сапарда болып, еңбекші қауымның ықыласына бөленген болатын.

Кезінде «Қаламқастың» құрамында Болат Баймұратов, Ғаббас Қасымов, Төкен Сәкенов, Роза Сәкенова, Баян Сағымбаева сынды дүлділдер қызмет етті. Солардың қатарындағы Бақыт Шағатаеваға «Қазақстанға еңбегі сіңген» деген атағы берлсе, Нұргүл Деменсінова, Космонавт Төлеуханов, Ария Айтпаевалар «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды. Сахнадан ән әуелеткен ұжым, бір сәтке де көрерменін жоғалтқан емес. Атақ, құрметке бөленіп, Елбасы қолынан да марапатталған.   

Бүгінде, «Қаламқас» халық ән-би ансамблі шетел асып өнер көрсетпесе де, ел сахнасында үлкен беделге ие. Бай репертуарларымен, көпті тәнтті еткен ансамблдің ізбасар жастары да көп.

Шығыс жұртын әнімен тамсандырып, биімен баурап, қазақ әндерін әуелеткен шығысқазақстандықтар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өнер көрсетуде.
Өткізу күні: 2013 жыл 5 наурыз

Өткізу орны: Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Оқу-лабораториялық корпусының акт залы.

Қажымұқан Мұңайтпасов көш. 11

Өткізу уақыты: 17:00

Байланыс телефондары:709-548,8(7172)70-95-00
( ішкі 31-118, 31-116),

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист +7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05

Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі



+7-701-366-35-99


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница