Жүз жасаған жүректен



Скачать 25.92 Kb.
Дата10.05.2016
Размер25.92 Kb.
Жүз жасаған жүректен

(Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай)

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Кендірбаева Райхан Кендірбайқызы


Қазақтың Гомері атанған Жамбыл ақынның эпикалық дастандарынан айтыстары мен жыр толғауларынан біз ұлтымыздың өзіндік болмысы, өмір салтын, дүниетанымы мен арман- мақсаттарын байқаймыз.

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт деп жырлаған Жамбылдың туындыларынан бүгінгі бейбіт пен берекелі өмірін көргендей боламыз.

Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді.

Өткен жылы ұлы Абайдың 170 жылдығын ел болып атап өтсек, ұлы Жамбылдың биылғы мерейтойы осынау рухани игіліктің жарасымды жалғасына айналуда.

Терең тамырлы білім ордасы 95 жылдық тарихы бар Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде, біздің қара шаңырақта білім нәрімен сусындап жатқан білімгерлер білім алуда. Колледжде «Інжу-маржан» үйірмесі жұмыс атқарады. Сол үйірменің ұйымдастыруымен көптеген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп тұрады. Еліміздің барлық аймағында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы ескерусіз қалып жатқан жоқ. Себебі, Жамбыл – халық ақыны. Оның шығармаларынан қазақ халқының ұлттық құндылықтары, болмыс-бітімі тамаша көрініс тапқан. Сол құндылықтарымызды кеңінен насихаттау үшін «Жүз жасаған жүректен» атты (Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай) білімгерлер арасында танымдық сайыс өткізілді.

Танымдық сайысты өткізудегі мақсатымыз: Жамбыл атамыздың шығармашылығы Отанды сүюге, қорғауға, құрметтеуге шақырады. Уақыт өткен сайын қазақ халқының өмірінде бұл шығармалардың орны артпаса, кеміген емес. Бүгінгі жас ұрпақ қазақтың абызының отты жырларын жатқа біледі. Сол үшін де қуаныштымыз. Басты мақсат – осы үрдісті әрі қарай жалғастырып әкету. Батырлықты, ерлікті, өз еліңе деген сүйіспеншілікті әспеттеу.

Танымдық сайыс: «Таныстыру» ,«Жорға» ,«Таңдау табыс» ,«Жамбылдың ізімен»атты кезеңдерден тұрды. Білімгерлер сайысқа қатыса отырып, өздерінің білім қорын кеңейтті. Бейне таспадан «Жамбыл» атты тарихи фильм көрсетіліп, көрермендерге де сауалнамалар қойылып жатты.

Сонымен қатар «Інжу – маржан» үйірме мүшелерінің Жамбыл ақынға арналған арнау өлеңдерін оқыды. Сайысқа белсене атсалысқан білімгерлерді арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марпатталды. Білімгерлер ақын шығармаларын сусындай отырып, білімдерін кеңейте түсті.

Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі - мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. 

Әдебиеттер тізімі

1. М.Жолдасбеков, "Жамбыл және оның ақындық ортасы", "Жазушы" баспасы, 1986-жыл,

2. Жамбыл Жабаев творчествосы. Алматы 1989жыл

3. М.Жолдасбеков Жүз жыл жырлаған жүрек Алматы 1993жыл

4. Қазақ тілі мен әдебиет журналы №7.2010жыл



5. Қазақ тілі мен әдебиет журналы №2. 2015жыл


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница