Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Тергеу қызметінің тарихы



Скачать 130.55 Kb.
Дата02.05.2016
Размер130.55 Kb.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің

Тергеу қызметінің тарихы
Қызылорда облысы Қазақ ССР-нің құрамында 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. 1963 жылдың 6-сәуірінде КСРО Қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігінің құрамында тергеу органдары құрылғаннан кейін Қызылорда облыстық атқару комитетінің ішкі істер басқармасында тергеу бөлімі ашылып, қылмыспен күрестегі қиында, әрі қатерлі жолын бастады. Осы уақыттан бастап қылмыстың алдын алу және оны ашу, әрі сапалы тергеуде аянбай еңбек еткен тергеушілердің облыстағы қоғамдық тәртіптің нығаюына қосқан үлестері орасан зор.

Қызылорда облысының ішкі істер органдарындағы тергеу бөлімінің бірінші бастығы Арғынбаев Мұқағали 1963 жылы қызметке келіп, осы салада жемісті еңбек етіп, 1970 жылы Ішкі істер министрлігіне ауысқан.





Арғынбаев М. (тергеу бөлімінің бірінші бастығы 1963-1970ж.ж.), милиция полковнигі, 1934 жылы Алматы облысы, Кеген ауданында шаруа отбасында дүниеге келген.

1956 жылы С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Семей станциясындағы желілік милиция бөлімінде жедел уәкіл қызметінен бастап, осы бөлімде тергеуші, анықтау бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі қызметтерімен жалғастырған. 1962 жылдың желтоқсан айында Қазақ КСР қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігінің милиция басқармасының анықтау бөлімінің бастығы болып ауысқан. 1963-1970 жылдары аралығында Қызылорда облыстық қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының Тергеу бөлімін басқарған. Бірнеше рет ІІМ-нің, ОІІБ-ның бұйрықтарымен құрмет грамоталарымен және «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, 1968 жылы Кеңес милициясының 50-жылдығына орай мерекелік медалімен, «Үздік милиция» кеуде белгісімен марапатталып, милиция үздігі атанған.

1970 жылдан бастап тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің құрамына кіре бастады. Бұл тергеу аппаратының ІІМ құрылымдық орнығуының аяқталуы болып есептелінеді.

Кейінгі 20 жыл ішінде тергеу құрылымдары ІІМ құрамында үздіксіз қызметерін атқарып келуде және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

1987-1988 жылдары ҚСРО ІІМ бірқатар мемлекеттер аймағында, сонымен бірге Қазақстанда да тергеу құрылымдарын өз алдына бөлектеу жөнінде тәжірибе жүргізді. Оның негізгі мәнісі тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің штатына қайта бөлініп, ІІБ-ның құрамына тергеу бөлімдері болып кіріп, ауданаралық тергеу бөлімін, бөлімшелерін және топтарын құру болып табылады.

Алайда, аталған тәжірибе ұйымдастыру, материалдық, психологиялық жағынан оңтайлы бекітілмегендіктен ІІМ-нен бөлініп, өз алдына бөліктенетін мүмкіндік жөніндегі негізгі мәселені шеше алмауы себепті 1988 жылы тоқтатылған.





1980 жылдардағы Қызылорда облысы тергеу аппаратының қызметкерлері
1995 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, оның құрамына ІІО-ғы алдын-ала тергеу, прокуратурадағы тергеу қызметтері, сонымен бірге оперативті-іздестірумен айналысатын қызметтер кірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 5 қарашасындағы «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін қайта құруды жалғастыру шаралары» туралы Жарлығымен МТК органдары таратылып, ІІМ жүйесінде Тергеу департаменті құрылған, сөйтіп алдын-ала тергеу органдары қайта қалыптасты.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа ҚІЖК-і шығып, онда алдын-ала тергеу жүргізу құқығы ІІМ, ҰҚК және салық полиция органдарына берілді. Іс негізінде Республика ІІО тергеу құрылымдары болған қылмыстың 90 пайызы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнге өз тарихындағы кезекті бетін ашты. Ұдайы маман кадрлардың жетіспеушілігіне қарамастан, ІІМ тергеу құрылымдарында қай кезде де жоғары дәрежелі кәсіп иелері, тамаша тәжірибелі тергеушілер мен басшылар болды. Көптеген тергеу саласының қызметкерлері әр кезеңдерде басқармасы бастығы қызметтерін атқарған. Олардың ішінде Қызылорда ОІІБ-ның бұрынғы бастығы Тастемір Сауранбайұлы Рахимов ағамызды, ОІІБ-сы бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Казақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Б.Көпенова апамызды айтуға болады.

Облыстың тергеу құрылымын басқарып, облыстық ішкі істер органдарында тергеу құрылымының құрылып, қалыптасып дамуына, тергеу саласының мамандары майталмандарын, тәжірибелі, жоғары білімді, жаңа криминалистикалық құралдармен жарақтанып, онымен үздік жұмыс жүргізе алатын, қылмыспен күресте алға қойған мақсат - мүддеге жете алатын тергеу мамандарының қуатты құрамын жасақтауға өз үлестерін, білім және тәжірибелерін аянбай жұмсап абырой биігінен көрінген, тергеуші қызметінен өскен басшылар:

Арғынбаев Мұғақали (1963-1970жж), Сералиев Болат Кенжеұлы (1970-1976жж), Абдулов Сердіғали Сұлтанұлы (1976-1987жж), Саванков Александр Михайлович (1987-1989жж), Рахимов Тастемир Сауранбайұлы (1989-1995жж), Көпенова Бақыт Қайркешқызы (1997-1999жж), Мырзабеков Толысбек (1999-2000жж), Рахымов Бауыржан Сарыұлы (2000-2006жж) және қазіргі кездегі ОІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлының еңбектерін айрықша атап өткен абзал.


Ішкі істер вице министрі А.Саванков Қызылорда облыстық ІІД

зейнеткерлерімен кездесуде
Облыстың тергеу құрылымында әр кездері білікті, жоғары дәрежелі мамандар, төл ісіне керемет берілген тамаша тергеушілер мен тәжірибелі басшылар болды.

Көптеген тергеушілер өздерінің іскерлігінің нәтижесінде басшылық қызметтерге көтеріліп, қазіргі кезде арамызда қызмет атқаруда. Олар, ҚР ІІМ-нің Тергеу комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Ешмаханов Алмас, Қызылорда ҚІІБ-ның бастығы Анарбаев Нұрлан, Анықтау басқармасының бастығы Жаназаров Әбдібек, ОІІД Ақпараттық-техникалық басқармасының бастығы Берманов Расул, Сырдария АІІб-нің бастығы Бұрханов Талғат, Жалағаш АІІб-нің бастығы Өтегенов Әміржан, Тергеу басқармасының бастығы Мұхтаров Мұрат.

Облыстың тергеу құрылымының басшылары мен тергеушілері зейнеткер-ардагерлермен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, ақыл-кеңестерін алып, өзара түсіністік, сыйластық сипатта араласады.


ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Ғ.Отарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан тергеу, анықтау қызметкерлерінің жедел кеңесі
Зейнеткерлікте жүрсе де ұзақ жылдар тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушілер қызметтерін атқарған отставкадағы полиция подполковниктер Келімбетова Күлнар, Сманова Гүлнара, Ахметова Күлджахан қазіргі уақытта Қызылорда облысының адвокаттар коллегиясында қызмет атқарады.

Отставкадағы милиция полковнигі Айқараұлы Ғалымжан, милиция майоры Ералиев Орынбасар, милиция майоры Еспембетов Қуандық, милиция подполковнигі Қоңысбаев Ерғазы, милиция майоры Жармухамедов Серік, милиция майоры Балабаев Әбдісерік, милиция подполковнигі Ким Валерий, милиция майоры Жаленова Ғалия, милиция подполковнигі Ердалиев Оңталап, милиция майоры Пірімбетов Жасарал, милиция майоры Жакенов Іскендір сияқты ұзақ жылдар тергеуші, аға тергеуші, бөлім бастықтары болған, қазіргі кезде зейнеткерлікте жүрсе де, әр түрлі салада қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Отанға адал, құрметті, елге елеулі, халықтың қалаулары атанған ардагерлерімізді мақтанышпен айта аламыз. Олар майталман маман-тергеушілер болып, әділдіктің туын биікке көтеріп, әділдік туын құлатпай, кейінгі буынға жеткізген орта буын асылдарымыз. Олардың еңбектері де жоғары бағаланады, ІІМ, Облыс, аудандық ІІб тарапынан бірнеше рет марапатталған.

Облыстың тергеу құрылымындағы 50 жыл мерзімде тергеушілер қатарынан 49 тергеуші суырылып шығып, озық үлгідегі көрсеткішке жетіп, қылмыстық іс жүргізуде шығармашылық, кәсіпқойлық, тапқырлық танытып, ҚР ІІМ-нің бұйрықтарымен ең құрметті «Үздік тергеуші» атағына ие болған.

Атап айтқанда:

Бердібеков Игілік Жақсылықұлы -1964 жылы, Сейілов Орынбасар - 1965 жылы, Жарбосынов Мүкраш - 1965 жылы, Абдулов Сердіғали - 1966 жылы, Сарманов Нұртаза - 1966 жылы, Мұстафаев Майлыбай - 1968 жылы, Жаңабаев Әбдіразақ - 1968 жылы, Игімбаев Ыдырыс - 1970 жылы, Тоқмырзаев Қуаныш-1971 жылы, Шабаев Сұлтан - 1973 жылы, Әшіров Арыстан - 1974 жылы, Көпенова Бақыт - 1978 жылы, Ердалиев Оңталап - 1979 жылы, Досжанов Жанымбек - 1979 жылы, Жарімбетов Айтеке - 1977 жылы, Қайназаров Қуантқан - 1980 жылы, Маханов Сұлтанбек - 1983 жылы, Орынбекова Бақытгүл - 1991 жылы, Рахымов Бауыржан - 1992 жылы, Қасымханов Әлібек - 1993 жылы, Асылбаев Орынбек - 1998 жылы, Өстеміров Әлібек - 1998 жылы, Қылышбаев Ермек - 1999 жылы, Сабыров Әділхан - 2000 жылы, Жапбаров Сабит - 2001 жылы, Алматов Болатбек - 2002 жылы, Алимбаев Абай - 2010 жылы, Қуандықов Қадырхан - 2011 жылы алған.

ОІІД Тергеу басқармасы құрылымдарының тергеушілері негізінен өздеріне тапсырылған қылмыспен күрес саласында нәтижелі еңбек етуде. Тергеу орындары қаншама қилы-қилы қиындықтарды бастан кешсе де тіршіліктің қара қазанында қайнап, қанаты қатайып, өміршеңдігін көрсетті. Ішкі істер органдарының тергеушілері қылмыстың қандай да ауыр түрі болса да сапалы, объективті түрде жүргізе алатындықтарын толықтай дәлелдеді. Облыстық Ішкі істер департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне еңбек сіңірген қызметкері, тергеудің темірін үзген, қыр-сырын бойына сіңірген басшы. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасының Жарлығымен мерекелік медалімен марапатталды. Ұзақ жылдар тергеу саласында қызмет атқарған полиция полковнигі Қожамұратов Нұрлан қазіргі уақытта Арал АІІб бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметінде, полиция подполковнигі Анарбаев Нұрлан Сансызбайұлы ОІІД Тергеу басқармасының бастығы лауазымынан көтеріліп, кәзіргі кезде Қызылорда ҚІІБ-ның бастығы қызметін атқарып келеді. Ал көп жылдар бойы тынбай тергеу саласына қызмет атқарып келген полиция полковнигі Мухтаров Мұрат Абдуллаұлы, 2013 жылдың қазан айынан бастап Тергеу басқармасының бастығы қызметін ойдағыдай атқарып келеді.

Осы салада абырой биігінен табылып жүрген аға тергеушілерді де атап өткен жөн. Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, полиция подполковнигі Қайназарова Гүлханыс Ақмашқызы өзінің біліктілігінің арқасында Анықтау басқармасы бастығының орынбасары қызметіне көтеріліп, жақсы қызмет атқаруда. Ал басқарманың аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция подполковнигі Абдамитова Сауле Пазылханқызы ҚР ІІМ-нің «Құрмет грамотасымен», аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, полиция подполковнигі Рахманов Талап Қарбозұлы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығына облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2011 жылдың қорытындысымен қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмысқа қарсы күресте белсенділік танытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін, Арал АІІб-нің аға тергеушісі, полиция капитаны Карибаев Жеңіс Рахатұлы Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовтың «Жыл сақшысы» номинациясына ие болды.




Облыстық ІІД Тергеу басқармасының ұжымы
Бүгінгі таңда қызмет атқарып қылмыстық іс жүргізіп, азаматтардың қылмыс туралы арыз-шағымдары бойынша дер кезінде заңды шешім қабылдап, кінәлі адамның жауапкершілігін айқын анықтап, қатардағы азаматтарға келтірілген мүліктік, моральдық залалдардың қалпына келуін қамтамасыз етуде аянбай, адал жұмыс атқарып жүрген басшылар мен тергеушілер: Әбдіғаппаров Сәкен, Маншарипов Айдар, Баетов Ғалым, Утеулиев Бауыржан, Жөртекеев Марат және Досымова Айгүл.

Алдын-ала тергеу органының алдына қойылған тапсырмаларды орындау үшін мамандандырылған түп тамыры мықты және білікті де білімді тергеушіні өз қызметінде бекіту қажет. Қазіргі уақытта ОІІД-нің тергеу құрылымында 98 тергеуші қызмет атқарады. Барлығы жоғары білімді заңгерлер.

ОІІД-нің Тергеу басқармасында 14 тергеуші қызмет атқарады. Басқарма бастығының орынбасары, әрі статистика және аймақтық бөлімнің бастығы, полиция полковнигі Қайырқұлов Берік Тоқшылықұлы өз қызметi барысында жинақтаған тәжiрибесiн талдап ұйымдастыруда, жас тергеушiлерге үлгi болып келедi. Қарамағындағы қызметкерлермен тергеу көрсеткішінің есепті талдау жұмыстарын, күрделі методикалық тәсілдерді тиянақтылықпен атқаруларына ведомстволық бақылауды тиісті дәрежеде жүргізіп келеді. Статистика және аймақтық бақылау бөлімінің қызметкерлері полиция подполковнигі Жакупов Қанат, полиция подполковнигі Абдамитова Сауле, полиция майоры Бекетова Алтынай, полиция майоры Тютебаев Арман және полиция капитаны Наурызбаев Бақыт ҚІІБ-сы және барлық АІІб-рі тергеу құрылымдарының жұмысына талдау жүргізіп, тәжірибелік көмек көрсетуде және күрделі қылмыстармен қозғалған қылмыстық істер бойынша нұсқаулар беруде.

Сонымен қатар, Тергеу басқармасының алдын-ала тергеу бөлімінде 7 тергеуші қызмет атқарып келеді. Бөлім бастығы полиция майоры Жамал-ад-Дин Назарбек қарамағындағы тергеушілерінің өндірісіндегі барлық қылмыстық істер бойынша тиісті нұсқаулар беріп, істер мен құжаттар бойынша уақытылы және заңды процессуалды шешім қабылдауына ықпал етеді, іс жүргізуде заң бұзушылықтарды болдырмауға, қылмыстық істердің сапалы жүргізілуіне бағытталған жұмыстарды өз дәрежесінде атқарады.

Бөлім тергеушілері полиция подполковнигі Рахман Талап, полиция подполковнигі Сәрсенов Берік, полиция майорлары Қаппар Бақытжан, Әлтай Нұрсұлтан, полиция капитандары Сыздық Сәкен, Хамитбеков Сақтағанмен облыс көлемінде орын алған ауыр, аса ауыр және қоғамдық резонанс тудырған күрделі қылмыстар тергелуде.



Семинар кеңесі барысында оқиға болған жерге қарау жүргізу сабағы
Ілгергі кезеңде де тергеушілердің негізгі жұмысы: қылмыстық іс жүргізуде заңдылық пен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, қылмыстық істердің тергеуін сапалы және заңда көрсетілген мерзімде жүргізіп, 2012-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күрес жүргізуге бағытталған Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындауда сүбелі жұмыстар жүргізу мақсат - уақыт талабы.




Тергеу саласының ардагерлері
Сералиев Болат Кенжеұлы, (ОІІБ-сы Тергеу бөлімінің бастығы 1970-1976ж.ж.) 1937 жылдың 21 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданындағы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.

1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы ІІБ-нің тергеу бөлімінде тергеуші, аға тергеуші және облыстық Ішкі істер басқармасында Тергеу бөлімінің бастығы болған. 1968 жылы Қызылорда облыстық ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымына ауысып, 1970 жылы осы басқарманың бастығы болып тағайындалған. КСРО ІІМ Академиясының оқуын аяқтағаннан кейін Қызылорда облыстық ІІБ бастығының орынбасары, 1993 жылға дейін ҚазССР ІІМ-нің орталық аппаратында әр түрлі басшы лауазымдарда қызмет атқарып, еңбегі сінген демалысқа шықты. Қызмет барысында бірнеше рет, соның ішінде 8 медальмен марапатталған.


Абдулов Сердіғали Сұлтанұлы, (ОІІБ-сы Тергеу бөлімінің бастығы 1977-1984ж.ж.) 1932 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келіп, 1956 жылдың тамыз айында ҚазМУ-нің заңгерлік факультетін бітіргеннен кейін, 1956-1959 жылдар аралығында Орынбор, Қазақ темір жолына қарасты ІІМ-нің Қазалы станциясындағы желілік ІІБ-де аға тергеуші болған.

1963-1971 жылдар аралығында Қазақ темір жолы ІІМ-нің Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөліміндегі тергеу тобының аға тергеушісі, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған.

1973-1976 жылдары Қызылорда қаласы атқару комитеті ІІБ-нің тергеу бөлімі бастығының орынбасары, 1976-1977 жылдары Қызылорда облысы ІІБ-ның тергеу бөлімі бастығының орынбасары, 1977-1984 жылдары облыстық ІІБ-ның тергеу бөлімі бастығы қызметінде болған.

1966 жылы қызметтегі қол жеткізген табыстары үшін қоғамдық қауіпсіздікті сақтау министрлігінің бұйрығымен ҚазССР ҚҚСМ-нің үздік тергеушісі атағымен марапатталған.



Саванков Александр Михайлович. Родился 18 августа 1956 года в городе Казалинск Кызылординской области. После окончания в 1977 году Карагандинской высшей школы МВД СССР, службу начал с должности следователя следственного отдела УВД Кызылординского облисполкома. С 1988 года – начальник следственного отдела УВД Кызылординской области, заместитель начальника следственного управления, с 1993 года – заместитель начальника УВД Кызылординской, с 1997 года – заместитель начальника УВД Атырауской областей. С 2000 года – первый заместитель начальника Следственного департамента МВД РК. С 2001 года – заместитель начальника по следствию УВД г. Астана. С 2002 года – заместитель начальника Следственного департамента МВД РК. С 2006 по 2008 годы начальник ДВД Север-Казахстанской области.

С августа 2008 года по январь 2009 года – председатель Следственного комитета МВД РК. С января по сентябрь 2009 года – вице министр внутренних дел – куратор следственных подразделений.



Рахымов Тастемір Сауранбайұлы, (1989-1995ж.ж. ОІІБ бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары), полиция полковнигі, 1950 жылы Өзбек ССР-і Әндіжан қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін 1979 жылға дейін Қызылорда қалалық прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші, Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған. 1982-1989 жылдары Қызылорда облысы Сырдария және Арал аудандарының прокуроры. 1989-1995 жылдары Қызылорда ОІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметінде болған. 1995 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, 1997 жылы Қызылорда ОІІБ-ның бастығы қызметінде болып, 2002 жылы құрмет демалысқа шыққан. «ҚР ІІМ-нің үздік қызметі үшін», «ҚР ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері» кеуде белгілерімен, «ІІМ Құрмет грамотасымен» және т.б. марапатталған.
Көпенова Бақыт Қайыркешқызы, (ОІІБ-сы бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары 1997-1999ж.ж.),1948 жылы Арқаның Ақмола өңірінде өмірге келген. 1968 жылы Алматыдағы арнайы орта милиция мектебін бітіргеннен кейін, Қызылорда ОІІБ Тергеу бөліміне бірден аға тергеуші болып тағайындалған.

1975 жылы Қарағанды Жоғарғы милиция мектебін сырттай үздік дипломмен бітіріп, 1978-1989 жылдар аралығында басқармадағы Тергеу бөлімінің бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары қызметтерінде болған. 1989-1990 жылы Облыстық ішкі істер басқармасының Мәлімет жинау орталығын, 1990-1997 жылдар аралығында төлқұжат бөлімін басқарған. 1997 – 1999 жылдар аралығында Қызылорда ОІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметінде болған.



Мырзабекұлы Толысбек, (ОІІБ-сы бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары 1999-2000ж.ж.), полиция полковнигі, 1951 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1972 жылдан бастап қызмет атқарған. 1978-1985 жылдар аралығында Қызылорда ОІІБ-да тергеуші, аға тергеуші болып, 1985-1987 жылдары Қызылорда ҚІІБ бастығының орынбасары қызметінде болған. 1987 жылы Қарағанды қаласындағы милиция жоғарғы мектебін бітіргеннен кейін, 1994 жылға дейін Қазалы АІІб-нің бастығы, 1994-1996 жылдары ОІІБ Тергеу басқармасының аға тергеушісі, ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1999-2000 ж.ж. аралығында Қызылорда ОІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Бірнеше рет марапатталған.


Рахымов Бауыржан Сарыұлы (Қызылорда ОІІД бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары 2001-2006ж.ж.), 1959 жылы Жезқазған болысы Жезді ауданында дүниеге келді. 1982 жылы Алматы қаласындағы С.Киров атындағы ҚазМУ-нің заң факультетін бітіргеннен кейін Жезді АІІб-нің тергеушісі, 1985 жылдан Алматы қаласының Москва АІІб-нің қылмысты іздестіру бөлімінің инспекторы, тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы, 1993 жылдан Алатау АІІб-нің бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 1997-1999 жылдары Алматы қалалық ІІБ-ның тергеу қызметі бастығының орынбасары, Анықтау басқармасы бастығының қызметінде болған. 2001-2005, ж.ж. аралығында Қызылорда ОІІД-ті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қызметтегі жетістіктері үшін ІІМ және ОІІД тарапынан 24 рет марапатталған.

Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы, (ОІІД-ті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары 2006 жылдан кәзіргі уақытқа дейін), полиция полковнигі. 1959 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қызылорда қалалық комсомол комитетінің жолдамасымен Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне милиционер қызметіне тағайындалған.

1985 жылы КСРО ІІМ-нің Рязань жоғары милиция мектебін бітіргеннен кейін, Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасының жанындағы №10 Еңбекпен түзеу мекемесінде инспектор қызметіне тағайындалған. 1986-жылдан бастап Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінде эксперт-криминалист, тергеуші, ОІІБ-ның тергеушісі, Жаңақорған АІІб бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, ОІІБ-ның Тергеу, Анықтау басқармаларында басшы қызметінде жұмыс атқарған. Қызметтегі жетістіктері үшін ОІІД және ІІМ бұйрықтарымен бірнеше рет марапатталған. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда ОІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымында.


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница