Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі



страница2/10
Дата03.05.2016
Размер1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бөкеев Шәңгерейдің «Шайыр» «Көкселдір» атты өлеңдер жинағының Орынборда басылғанына 105 жыл (1911).



  • * Қоғам қайраткері, Қазақстанның алғашқы мәдениет министрі Қайырғали Байғалиевтың туғанына 100 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1916-1962).




  • Ақын Қажыәкпар Имашевтың туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумысы (1921-1940).




  • Казталовка ауылының әкімшілік округы болғанына 90 жыл (1926).




  • Социалистік Еңбек Ері Иван Сергеевич Крутковтың туғанына 85 жыл, Зеленов ауданының тумасы (1931-2005).




  • Ғалым, биология ғылымының докторы, профессор Тайман Мұсағалиұлы Төлеуғалиевтың туғанына 85 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1931).




  • Қаратөбе ауданы, Ақтай ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).






  • Сырым ауданы, Аралтөбе ауданының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Тасқала ауданы, Мереке ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Ақжайық ауданы, Первомай ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Жаңақала ауданы, Пятимар ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Жәнібек ауданы, Таловка ауылының іргетасы қаланғанына 85 жыл (1931).




  • Еңбек ардагері Сатыбалды Ыбырайұлы Ахметовтың туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1936).




  • Орал авиаспорт клубының құрылғанына 80 жыл (1936).






  • «Ивушка» туберкулез кеселіне шалдыққан балаларды емдеуге арналған санаторийдің ашылғанына 80 жыл (1936).



  • Орал-Илецк теміржол құрылысының іске қосылғанына 80 жыл (1936)




  • Ақсай қаласының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Теректі ауданы, Ақсуат ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Сырым ауданы, Алғабас ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Казталов ауданы, Богатырев ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Теректі ауданы, Богдановка ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Ақжайық ауданы, Бударин ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).



  • Зеленов ауданы, Володарское ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).

  • Бөрлі ауданы, Григорьевка ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Теректі ауданы, Покатиловка ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Зеленов ауданы, Раздольное ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Теректі ауданы, Сарыөмір ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).

  • Бөрлі ауданы, Тихоновка ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).



  • Зеленов ауданы, Чеботарев ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Зеленов ауданы, Цыганова ауылының іргетасы қаланғанына 80 жыл (1936).




  • Азамат соғысының батыры В.И.Чапаевтың құрметіне Ақжайық ауданы Чапаев ауылында мемориалдық мұражайы ашылғанына 75 жыл (1941).




  • Орал «Зенит» зауыты ААҚ –ның құрылғанына 75 жыл (1941).




  • «Орал автожөндеу зауыты» ААҚ-ның құрылғанына 75 жыл (1941).




  • Орал қаласында психикалық денсаулық орталығы қалалық аурухана ретінде ашылғанына 60 жыл (1956).




  • Орал қаласында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 60 жыл (1956).




  • Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылының іргетасы қаланғанына 55 жыл (1961).

  • Шыңғырлау ауданы, Белогорка ауылының іргетасы қаланғанына 55 жыл (1961).




  • Казталов ауданы, Бостандық ауылының іргетасы қаланғанына 55 жыл (1961).






  • Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылының іргетасы қаланғанына 50 жыл (1966).



  • «Қараағаш» тұрақты өндірістік мемлекеттік аң шаруашылығының ұйымдастырылғанына 45 жыл (1971). (Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).




  • А.Иманов атындағы №12 кәсіптік лицейінің ашылғанына 45 жыл (1971).




  • Орал қаласында Балалар ауруханасының құрылғанына 40 жыл (1976).




  • Шығыс Гремякин мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 40 жыл (1976).




  • Орал қаласындағы облыстық ғылыми-техникалық кітапханасының құрылғанына 40 жыл (1976).



  • Ақжайық орман шаруашылығының ұйымдастырылғанына 35 жыл (1981).




  • Орал қаласындағы қалалық туристер клубының ашылғанына 35 жыл (1981).




  • «Вайнах» шешен – ингуш мәдени ағарту қоғамының құрылғанына 25 жыл (1991). (Қараңыз:«2006 жылғы Батыс Қазақстан облысы бойынша...»).




  • Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мектеп-интернат лицейі атанғанына 25 жыл (1991).



  • Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 25 жыл (1991).


Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша анықтамалар

мен әдебиеттер тізімі берілген.


МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

5 қаңтар СЫДЫҚОВ МҰРАТ

туғанына 60 жыл (1956)


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалиұлы Сыдықов 1956 жылы 5 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Орал педагогика институтын (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. 1988-1995 жылдары - Орал педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан тарихы және этнология институтының аға ғылыми қызметкері. 1996-1999 жылдары - Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, проректоры. 2000-2002 жылдары - Еңбек және әлеуметтік қарым-қатынастар академиясының Орал филиалының қызметкері және «Ақ жол» ғылым мен білімді қолдау және дамыту жөніндегі қоғамдық қордың президенті. 2002-2003 жылдары - Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2003 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры.

«Население Западного Казахстана (1898-1989)», «Формирование населения Западного Казахстана в 18-19 веках». «Сокровища скифов Западного Казахстана» (бірлесіп шығарған), «Скифы Западного Казахстана», «Сырым баба ізімен», «Құлпытастар» (бірлесіп шығарған), «Ақжайық өңірінің музыкалық фольклоры» (бірлесіп шығарған), «История населения Западного Казахстана», «Историография исторической демографии Западного Казахстана», «Степная пирамида» атты монографиялары мен кітаптары, сонымен қатар 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген.



ӘДЕБИЕТТЕР

1.Асылбеков М. Тарихтың тапқан тамырын // Орал өңірі.-2006.-5 қаңтар.-

2 б.

2.Наурызғалиұлы М. Сарматтар дәуірінен сыр аңғартады // Жайық үні.-

2001.-21 қыркүйек.

3.Нықмұқанова А. «Үш қалашық табылды» // Инфорбиржа.-2011.-8

қыркүйек.-31 б.

4.Сыдықов Мұрат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-

Алматы, 2010.-473 б.


7 қаңтар МАЙДАНОВ ҚАЙЫРБОЛАТ

туғанына 60 жыл (1956-2000)


Кеңес-ауған соғысына қатысқан Қайырболат (Николай) Сайынұлы Майданов 1956 жылы Сырым ауданы, Тасқұдық ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Ақжайық (қаз. Теректі) ауданының Шағатай ауылындағы орта мектепті тәмамдаған. Содан соң бұрынғы Чапаев ауданында ДОСААФ жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды.

Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған соң, Саратовтағы жоғары әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге түседі. Өзінің офицерлік өмірбаянының алғашқы айын Ауғанстанда өткізеді. Интернационалдық көмек көрсетудегі ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Майдан шебінде көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» және «Қызыл Ту», 3-дәрежелі «КСРО қарулы күштері қатарында Отанға қызметі үшін» ордендерімен марапатталады. Қайырболат Майданов Ауғанстанда 50 рет ұрыс операцияларына қатысады.

2000 жылы қантарда полковник Майданов Қайырболат Сайынұлы Шешенстан Республикасы аумағында халықаралық терроризммен күресу жолында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ресейдің Санк-Петербург қаласында жерленген.


ӘДЕБИЕТТЕР

1.Майданов Қайырболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы, 2002.-381-382 б.

2.Майданов Қайырболат: өмірдерек //Ақжайық ақберендері.-Алматы,

2005.-29 б.

3.Ғалиев Б. Сайынұлы Николай: [Совет Одағының Батыры атағын алған

чапаевтық Майданов Николай Сайынұлы ауған жерінде әскери

борышын өтеуде] // Орал өңірі.-1988.- 9 тамыз.

4.Құттымұратұлы Қ. Жоғалған батыр // Айна.-2010.-18 ақпан.

5.Құттымұратұлы Қ. Майдановтың жан досы Чапаевта тұрады //Айна.-

2010.-18 наурыз.

6.Шүйіншәлиева М. Майдановтың соңғы майданы // Орал өңірі.-2000.-5

ақпан.

15 қаңтар ЖИГАНОВ НАЗИБ

туғанына 105 жыл (1911-1988)


Татар композиторы, КСРО Халық артисі Жиганов Назиб Гаязұлы 1911 жылдың 15 қаңтарында Орал қаласында дүниеге келген. 1935 жылы Мәскеудің облыстық музыка техникумын, 1938 жылы Мәскеу консерваториясын бітірген. 1939 жылдан Татарстан Композиторлар Одағының төрағасы, КСРО Композиторлар одағының хатшысы болды. Назиб Жиганов 1945 жылы Қазан консерваториясының ректоры, 1953 жылы профессор болды. 1939 жылы Татар опера және балет театрының шымылдығы Назиб Гаязұлының «Қашқын» операсымен ашылды.

Назиб Жиганов шығармаларында опералық және симфониялық жанр ерекше орын алады. Тарихи аңызға құрылған «Алтыншаш» (КСРО Мемл.сыйл., 1948) операсы мен «Жәлел» атты монологтары опера-поэмасы музыка тілінің жатықтығымен, әрі жаңашылдығымен ерекшеленді. Оның «Татар» тақырыбына жазылған сюитасы» (КСРО Мемл. сыйл., 1950), «Симфониялық әндері», «Сабантой» атты 2-симфониясы (КСРО Мемл, сыйл., 1970) симфония жанрына қосылған елеулі үлес болды.

Назиб Жиганов шығармаларындағы ұлттық түр, нақыш орыстың классикалық мектебінің дәстүрлерімен астасып жатты. Назиб Гаязұлы «Ленин» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жиганов Назиб Гаязұлы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы, 2002.-285 б.

2. Аманғалиев Г. Н.Г. Жигановтың жұлдызы // Орал өңірі.-1991.-4 мамыр.

3. Жұмағалиев Б. Көрнекті сазгер // Орал өңірі.-2001.-13 қаңтар.

4. Кармов Ф. Саз сәулеткері // Егемен Қазақстан.-1991.-31 тамыз.


25 қаңтар Ғ. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

ашылғанына 50 жыл (1966)


Орал қаласындағы Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы 1966 жылы 25 қаңтарда ашылған. Филармонияның құрамында «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, «Классика» үрлемелі аспаптар квинтеті, эстрадалық жастар ансамблі т.б. шығармашылық топтар бар. Ұжым ұлттық және классикалық, осы заманғы музыканы насихаттауға, ұлттық әншілік дәстүрді дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

1996 жылы филармонияға Қазақстанның халық артисі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі берілді. Филармония қаладағы Достық даңғылындағы ХІХ ғасырдың тарих және сәулет ескерткіші болып табылатын әсем ғимараттардың бірінде – көпес А. Каревтің 1901 жылы салынған үйінде орналасқан. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін филармонияның ғимараты қаланың барлық тұрғындары, қала мен облыстың барлық қонақтары, республиканың, жақын және алыс-шетелдердің атақты театрларының жоғары деңгейдегі артистері келіп кетуге тырысатын кішкене эрмитажға айналды.

Опера өнері жұлдыздарының пікірі бойынша камералық концерт залы республикадағы ең таңдаулы зал болып табылады. Бұл залда халықтың сүйікті әншісі Ә. Дінішев, Лондонның Королевалық оркестрінің скрипкашысы, халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М. Бисенғалиев, ҚР халық артисі Н. Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ж. Баспақова, ҚР еңбек сіңірген артисі Ш. Абилов өнер көрсетті.

Филармонияның ең үлкен ұжымы Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов. Оркестр Мәдениетті қолдау жылында қалалық мәдениет бөлімі жанынан құрылды, содан кейін кәсіпқой ұжымға айналды.

«Орал сазы» фольклорлық ансамбіліне БҚМУ-дың түлегі Асқар Кенжеғалиев, «Назерке» би ансамбліне Ақмарал Тасболатова жетекшілік етеді.

«Классика» камералық ансамблінің репертуарында әлемдік музыка өнері классиктерінің 30-дан астам шығармалары бар. Сондай-ақ «Трио Орда» вокалды аспаптар ансамблі бар.



ӘДЕБИЕТТЕР

1.Облыстық филармония жаңа концерттік маусымын ашты.-Орал, 2003.

2.Мәмет С. Қазақ музыка өнерінің Венасы // Егемен Қазақстан.-2007.-27

қараша.-10 б.

3.Нықмұқанова А. Қырықтың белесіндегі кәсіби ұжым // Орал өңірі.-2006.-

28 ақпан.-4 б.

4.Сәниұлы Б. Өрісті өнер ордасы // Информбиржа.-2006.-6 шілде.-15 б.

5.Филармония: [Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филармония тарихы] //

Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-508 б.

6.Филармонияға – 40 жыл // Орал өңірі.-2006.-2 желтоқсан.-1 б.


11 ақпан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ РОБЕРТ

туғанына 80 жыл (1936-2010)


Геология-минералогия ғылымдарының докторы Роберт Мұсанұлы Құрманғалиев 1936 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.

Қазақ тау-кен және металлургия институтын 1959 жылы бітірген. 1959-62 жылдары Геология ғылымдары институтында инженер, Жітіқара гидрогеология экспедициясының бастығы, 1962-72 жылдары Қостанай гидрогеология экспедициясының бас гидрологы, бас инженер, 1973-93 жылдары Гидрология және гидрофизика институтының аға ғылыми қызметкері, сектор және лаборатория меңгерушісі, 1993-94 жылдары Қазақстан ҰҒА-ның Батыс бөлімшесінің Орал су және биология мәселелері жөніндегі ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан ҚР ҰҒА-ның Орал ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі, Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің профессоры, 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы.

Бірнеше медальдармен марапатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Әжігереева Г. «Бір келі гербицид шығармасақ, қайтіп астық өндіруші

алпауыт боламыз?» // Орал өңірі.-2008.-7 ақпан.-4 б.

2.Ғұбайдоллаұлы А. Ғалымның жаңа кітабы // Орал өңірі.-1996.-26

қыркүйек.

3.Құрманғалиев Роберт: өмірдерек // Қазақстан ғалымдары:

энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2013.-83-84 б.

4.Құрманғалиев Роберт: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы, 2010.-372 б.

4.Құрманғалиев Р. Евразиялықтар және біз // Орал өңірі.-1996.-9 қараша.

5.Шахин А. Жетi қат жер астынан сыр тартқан: Гидрология және

минералогия ғылымдарының докторы, профессор Роберт Мұсаұлы

Құрманғалиев 70 жаста // Қазақстанның ғылыми әлемi. -2006.-№ 2.-

177-179 б.

24 ақпан КОНЯХИН ИВАН

туғанына 95 жыл (1921-1989


1921 жылы 24 ақпанда Калуга облысы Дзержинск ауданы Куровское деревнясында дүниеге келген Иван Коняхин 1938 жылы он жеті жасында-ақ Минск жаяу әскерлер училищесіне оқуға түсіп, онда екі жыл білім алып, бітіргеннен кейін Белорус әскери округіндегі бөлімдердің бірінде қызмет етті.

Ол - соғысты шекара шебінде тура 22 маусым күні алғаш қарсы алғандардың бірі. Бобр өзенінің жағасындағы окопта жатқан Иван Коняхин жаудың 18 ұшағын санап үлгерді. Кенет құлақ тұндырған жарылыстан жер сілкініп кеткендей болды. Топырақ астынан әрең шыққаны есінде қалды. Әйтеуір оққағары бар екен. Бұл кезде ол взвод командирі, лейтенант болатын.

Тағы бір майдан. Бұл жолы І Белорус майданындағы 47-армия 143-Қызыл тулы Суворов орденді Конотоп-Коростень дивизиясының 487-атқыштар полкіне келді. Ковель қаласының түбінде тағы батырлығымен көзге түскен батальон командирінің орынбасары екінші дәрежелі Отан соғысы орденін өңіріне тақты.

Қолайлы бекіністерінен айрылғысы келмеген неміс фашистері қаншама рет шабуылдап бақса да, үлкен шығынмен кері шегініп отырды. Өршеленген дұшпан ержүрек командир басқарған жауынгерлердің сағын сындыра алмады. Ұйқысыз шайқас екі тәулікке созылды.

Осыншама уақыт бойы жаудың бетін қайтарып, полктің өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін батальон командирі, аға лейтенант И.И.Коняхинге Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Батыр атағы берілді. 487-полк бойынша он бір адам осындай жоғары атаққа ие болды.

Батальон бұдан кейін Бромберг, Дойч-Кроне, Шнайдемюль қалаларын алуға қатысып, 1945 жылғы сәуір айының басында Одерге шықты.

Батальон басқарған Батырдың алдына жаңа міндет қойылды. Олар дивизия мен полктің алдыңғы шебіне орналасып, қараңғы түсісімен шабуылға даяр тұрды. 16 сәуірге қараған түні сағат 3-те жер тітіреткен кеңес әскерінің артиллериялық дайындығы басталды. Бір сағаттан кейін танктермен бірге жаяу әскерлер шабуылға көтерілді. Бірақ кеңес танкілері Берлинге кіре бастаған мезгілде комдив бұған батальонымен тез жетуді бұйырды. Қала көшелерінде басқа да бөлімдермен тізе қосып, кескілескен ұрыс жүргізген И.Коняхиннің батальоны 1 мамыр күні Ратенов қаласына қарай қозғалды. Батырға тағы бір жауынгерлік награда Қызыл Ту ордені табыс етілді. Олар 8 мамырда Эльбаға жетіп, Жеңісті сонда қарсы алды. И.И. Коняхин барлығы 11 жауынгерлік орден, алты медальмен марапатталды.

Соғыстан кейін де шайқастарда шыңдалған тәжірибелі командир КСРО Қарулы күштерінде қызмет етті. М.Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген И.Коняхин полковник шеніне дейін жетіп, полк командирі, сосын дивизия командирінің орынбасарлығына дейін көтерілді.

1962 жыл Иван Коняхиннің өміріне күрт бетбұрыс әкелді. Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облыстық әскери комиссары болып тағайындалған ол осынау жауапты қызметті 1977 жылға  дейін абыроймен атқарды. Он бес жыл мерзім ішінде өңірде ел қорғайтын сардарлар мен сарбаздарды тәрбиелеу ісіне сүбелі үлесін қосты. Атағы асып тұрса да, байсалдылығынан, қарапайымдылығынан танған жоқ. Бедел биігінен түспей, съезд делегаты, халық қалаулысы атанды. Отставкадағы полковниктің Оралға бауыр басқаны сондай, осында біржола тұрақтап қалды, 1989 жылы топырақ та осы жерден бұйырды.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Коняхин Иван Иванович: қазанама // Орал өңірі.-1989.-3 қаңтар.

2.Коняхин Иван: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-

23 б.

3.Коняхин Иван: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-

Алматы: Арыс, 2010.-320 б.

4.Коняхин Иван: өмірдерек // Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-

21 б.

5.Сейтақов Ғ. Батальон бастаған батыр: [Ақ Жайық өңірінің батыры И.

Коняхин жөнінде] // Орал өңірі.-1985.-16 наурыз.

6.Ұлы Отан соғысы және еңбек ветерандарымен кездесу: [Совет

Одағының батыры И.И. Коняхинмен кездесу жайлы] // Орал өңірі.-1975.-

8 мамыр.

17 наурыз СТРИЖАЧЕНКО АЛЕКСЕЙ

туғанына 105 жыл (1911-1989)


Алексей Стрижаченко 1911 жылы Черкасск облысының Белоозерье ауылында дүниеге келген. Ол Алматы қаласындағы кооператив техникумын бітіріп, 17 жасында құюшы болып еңбек еткен. 20 жылдардың аяғында Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, «Новежиття» коммунасына қоныс аударды. Колхоздың төрағасы, Подстепное ауылында тұтынушылар одағының төрағасы болып қызмет атқарды.

1941 жылы 20 қазанда Алексей Стрижаченко армия қатарына шақырылады. Ол атты әскер взводының командирінен рота, батальон, полк командиріне дейін өсті.

1942 жылы Совет әскерлері Сталинград маңына шоғырланды. Дондағы Клецк мен Серафимович ауданында фашистер армиясына соққы беруге әзірлік жүріп жатты. Ол кезде лейтенант Алексей Стрижаченко танкіге қарсы атқыштар ротасының командирі болатын. Сол күні Алексей Стрижаченко бастаған сібірліктерден құрылған рота алға батыл ұмтылып, жауды қорғаныстарынан айдап шықты, қашуға мәжбүр етті. Сұрапыл ұрыспен рота сол күннің кешіне дейін 18 километр ілгері жылжыды. Елистратово станциясын жаудан азат етті.

Лейтенант тобы екі генералды, 90 офицерді, 1020 солдатты пленге алып, қолға көптеген қару-жарақ түсірді.

Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Алексей Стрижаченкоға 1944 жылы 19 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны бітірді. Майор Алексей Стрижаченко 1946 жылы запасқа шығып, Алматыға көшіп келеді.

Алексей Стрижаченко Ленин, Қызыл Ту, Отан соғысы 1, 2-дәрежелі ордендерімен марапатталған.


ӘДЕБИЕТТЕР

1.Айтмұхамбетов М. Ұшқыр қимылмен // Орал өңірі.-1985.-14 мамыр.

2.Батыр командир: Кеңес Одағының Батыры А. Стрижаченко туралы //

Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-45-46 б.

3.Стрижаченко А. Туысқандық бірліктің арқасы // Орал өңірі.-1967.-10

қазан.

4Стрижаченко Алексей: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы:

Өлке,2005.-36 б.

6.Стрижаченко Алексей: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-471 б.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница