БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



страница8/26
Дата22.04.2016
Размер4.3 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Инвестициялар


ҚР көптеген өңірлері халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша біздің облыстан анағұрлым алда келеді. Жамбыл облысындағы халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі 2009 жылы 213 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа қазақстандық көрсеткіш барынша жоғары және ол халықтың жан басына шаққанда 291 мың теңгені құрады.

Инвестиция көлемі бойынша бастапқы шарттары ұқсас облыстармен (Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары) инвестиция тарту көлемінің 2003 жылғы динамикасын талдау көрсеткендей, 2003 жылдан 2009 жылға дейін ҚР өзге өңірлерінде инвестициялар көлемі үнемі артып отырған, ол біздің облысымызда олар тіпті төмендеп те кеткен. Нәтижесінде Жамбыл облысындағы инвестиция тарту көлемі 6,8 есеге артса, салыстырмалы өңірлерде 4,9 – 10 есеге артқан. 2008 жылы Жамбыл облысына тартылған инвестициялар көлемі күрт өскен, бұл құрылыс материалдары, аграрлық-өнеркәсіптік өнімдер мен металлургия өндіріс салаларындағы жаңа жобалармен байланысты. 2008 жылғы инвестициялардың 10%-ы республикалық бюджеттен, 5%-ы – жергілікті бюджеттен, 85% -ы - өз қаржыларының есебінен қаржыландырылды.

2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 222,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 71,5%-ға артық. Бюджет қаржыларының есебінен 7,7% инвестициялар (республикалық - 5,4%, жергілікті – 2,3%), өз қаржылары мен заемдық капиталдар – 15,6%, шетелдік капиталдарды тарту – 76,7%.

Инновациялық белсенділік


Облыстың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған.

Облыстың инновациялық белсенділігі ҚР орташа деңгейге қарағанда өте төмен деңгейде. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 2009 жылы 4,4%-ды құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 1,3 пайыздық пунктіге артық, сондай-ақ орташа республикалықтан (3%) да жоғары.

Статистика бойынша облыста 14 инновациялық-белсенді кәсіпорындар бар. Олар: «Қазақтелеком» АҚ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС – ферроқорытпа өндірісі; «Керамик Инвест» ЖШС –бетоннан конструкциялар жасау; «Гипс комбинаты» ЖШС – гипс өндірісі, ЖГТУ, «Бриг company» ЖШС – шұжық өнімдерін өндіру, «КазСинтез» ЖШС – лактар мен сырлар өндіру, ҚР ББМ ДГП НИИ ПББ НЦБ, «Элит Азия Пласт» ЖШС – пластиктен бұйымдар жасау, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Гамбург» ЖШС – шұжық өнімдерін өндіру, «Құрылыс конструкциялары зауыты» – құрылыс металл конструкцияларын өндіру.

Инновациялық шығындар саласындағы ең белсенді сала – химия саласы (509 млн. теңге, немесе барлық шығындардың 21%-ы). Инновацияға арналған бірқатар шығындар өңдеу өнеркәсібінің өзге де салаларында (205 млн. теңге) және ауыл шаруашылығында (18 млн. теңге) байқалуда. Жамбыл облысының жалпы өнеркәсіптік шығарылымдарына қосып отырған үлкен үлесіне қарамастан, тамақ және металлургия өнеркәсібі инновациядағы қаржыларды инвестицияландырмайды. Зерттеулер мен зерттемелерді қаржыландыруда республикалық бюджет (64%) жетекші роль атқарады, 34%-ды – өз қаржылары, 1,5%-ды – жергілікті бюджет қаржылары, 0,5%-ды – даму институттарының қаржылары құрайды.

Аграрлық ғылым Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен («ҚазСШҒЗИ» ЖШС), Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринарлық станцияларымен, Меркі жеміс-жидек шаруашылығымен көрініс береді, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны формасында жұмыс істейді.

Облыста кәсіпорындарының 6 – ауыл шаруашылығы дақылдарының асыл тұқымдарын өндірумен, 89 – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, қой, шошқа, жылқы, түйе шаруашылығымен, 1 – жеміс-жидек дақылдарын отырғызуда сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.

«ҚазСШҒЗИ» ЖШС-нің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстанның өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтауды ғылыми қамсыздандыру» салалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша іске асырылады. «Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбылдық ветеринарлық ғылыми-зерттеу станциясы» ӨМҚК тиімділігі жағынан практикада қоладынылып жүрген импорттық аналогтарынан кем түспейтін және арзандылығымен ерекшеленетін бірқатар жаңа антигельминттік құралдарды ұсынды. «Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясы» ӨМҚК жоғары сапалы тұқымды өндіру мен іске асырумен айналысады.

Көптеген отандық зерттеулер мен зерттемелер нақты нарықтық талаптарға бағытталмаған және импорттық ғылыми сыйымды өнімдер мен қызметтермен бәсекелесе алмайды. Өндіріске дайын ғылыми зерттемелерді ендіру механизмі жоқ.

Қазіргі кезде ғылыми зерттемелердің біршама үлесі коммерциялық қолданыс табуда. Көптеген қазақстандық зерттемешілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысындағы арнайы қызметтердің жоқтығы мәселесімен кездесіп отырады, бұл оларды ендіру процесін кешеуілдетеді.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұзақ мерзімді болашаққа даму әлеуетін жасау, экономикалық өсімнің инновациялық бағытын қамтамасыз ету төмендегі стратегиялық қимылдарды іске асыруды көздейді:

- жаңа технологияларды өндіріске ендіру мақсатында мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдарды ұйымдастыруды қоса алғанда инновациялық процеске қатысушылардың іс-қимылдары механизмін жетілдіру өндіріс персоналдарының біліктілігін артыру;

- инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту, инновациялық қызмет саласындағы кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі желілерді ұйымдастыру, шағын инновациялық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық саласындағы дамуына ықпал ету, интеллектуалдық меншіктегі және ғылыми-техникалық қызметтердегі арнайы биржаларды дамыту;

- 2011-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық салаға инвестициялар салу мен инновациялық қызмет үшін жағымды қаржылық-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.


Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 58957,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылғы деңгейге – 102,9%.

Сауда кәсіпорындарының негізгі тауар айналымының көлемін шағын кәсіпорындар қамтамасыз етеді, олардың үлесіне 2009 жылы 68,9% (40648,9 млн. теңге) сәйкес келді, орта кәсіпорындардың үлесі үлесі 19,6%-ды (11555,9 млрд. теңге), ірі кәсіпорындардың үлесі – 0,9%-ды (517,1 млн. теңге) құрайды.

Сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 28771,7 млн. теңгені (48,8%), жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базар айналымы – 30185,7 млн. теңгені (51,2%) құрады.







2005

2006

2007

2008

2009

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы, млн. теңге

13308,8

21665,0

25154,5

34435,6

28771,7


Үлес салмағы, %

59,9

59,8

57,1

64,1

48,8

Базарлардың тауар айналымы, млн. теңге

8907,0

14590,2

18884,0

19263,7

30185,7

Үлес салмағы, %

40,1

40,2

42,9

35,9

51,2

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен барлық іске асыру каналдары бойынша жеке меншік 99,6%-ды құрайды, оның ішінде азаматтардың жеке меншігі - 45,5%, өзге мемлекеттер – 0,4 %.


Халықтың жұмыспен қамтылуындағы сауданың үлес салмағы





2005

2006

2007

2008

2009

Жұмыспен қамтылған халық – барлығы:

мың адам


447,9

463,9

506,2

530,1

539,3

Оның ішінде:

Сауда, автокөлік, жеке қолданыстағы тұрмыстық заттар мен бұйымдаржөндеу, – мың адам



104,3

106,6

113,3

116,1

119,5

Үлес салмағы, %-бен

23,3

23,0

22,4

21,9

22,2

Сауда кәсіпорындарының жалпы санында қазіргі заманғы гипер-супермаркеттердің үлесі аз ғана.

Облыс халқын сауда аумақтарымен қамсыздандыру орташа республикалық деңгейден төмен және ол 1000 адамға 26 шаршы метрді құрайды.

Облыстағы бір дүкеннің орташа аумағы 42 шаршы метр, бұл орташа республикалық деңгейден 2 есеге кем (ҚР -87,5 шаршы метр).

Облыстағы сауда секторының даму деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

2008 жылы облыстағы сауда нүктелерімен қамсыздандыру 1000 адамға 2,5 бірлікті (ҚР-3,0) құрады, ең аз азық-түлік кәрзеңкесінің құны бір адамға 10,9 мың теңге (ҚР – 12,3 мың теңге).

Облыста тұтыгу тауарларын саудалайтын 59 киім, аралас және азық-түлік базарлары бар.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Қызмет көлемі, барлығы:

492,7

1312,6

1763,1

2467,6

2836,3

Көтерме тауар айналымының көлемі 2009 жылы 113,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 118,2%-ды құрады. .

2010 жылдың 1 қаңтарында тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 135,3 млн. теңгені, көтерме саудада - 3,4 млрд. теңгені құрады. Күнмен есептегенде тауар қорлары 2009 жылы бөлшек саудада - 26 күнді, көтерме сауда қоймаларында – 73 күнді құрады.
2005-2009 жылдардағы көтерме сауда динамикасы

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Көтерме тауар айналымы

34833,2

37299,6

53281,0

95593,1

113819,6

Бөлшек тауар айналымы

22215,8

36255,2

44038,5

53699,3

58957,4

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

7880,8

11657,5

15960,3

15327,3

22643,8

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

14335,0

24597,7

28078,2

38372,0

36315,6

Соңғы үш жылда 7228 сауда объектілері, оның ішінде 4427 дүкендер, 6 супермаркеттер, 1101 қоғамдық тамақтану объектілері, 1694 қызмет көрсету объектілері іске қосылды, онда 6078 жұмыс орындары ашылды.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница