БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



страница12/26
Дата22.04.2016
Размер4.3 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Жамбыл облысында 2010 жылы 16 өңірлік бағдарлама жұмыс істейді.

Үсіміздегі жылы 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық көздер есебінен 8 млрд. 694 млн. теңге көзделген, 2010 жылғы 1 қыркүйекке олардың 4 млрд. 743 млн. теңгесі немесе 54,6% игерілді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2010 жылы 8 мектептің, 150 төсектік орталық аудандық аурухананың, ауысымына 250 адам келетін аудандық емхананың, 8 медициналық пункттік 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, сондай-ақ 29 сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы және қайта жаңғыртылуы көзделген. Сондай-ақ ауылдық жерлерде 8 мектеп, 9 денсаулық сақтау объектісі, мәдениет үйлері және автомобиль жолдары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында жаңа тұрғын үй массивтерін газдандыру және электрмен қамтамасыз ету қарастырылған. «ЖЭС» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ өз қаржылары есебінен электр беру желілерін күрделі жөндеуден өткізуді, телефон байланысы объектілерін модернизациялау мен кеңейтуді жоспарлап отыр.

2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының реформалау мен дамыту бағдарламасы халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға, халыққа тиімді, қолжетімді медициналық көмек көрсету жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде облыстың денсаулық сақтау жүйесінің құрылымын жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесіндегі бастапқы медициналық көмектің рөлін одан әрі арттыру, бала мен ана денсаулығын нығайту, дәрілермен қамтамасыз етуді жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.

2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында туберкулезге қарсы күрес облыстық бағдарламасында көзделген туберкулезді емдеуге бағытталған бюджет соммасы 607,7 млн. теңгені құрайды, игерілгені-462,0 млн. теңге. Осылайша игеру 76% құрады. Аталған бағдарламаға сәйкес аурудың пайда болуына, таралуына және оны емдеуге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар шаралар іске асырылды, атап айтқанда облыстың туберкулезге қарсы мекемелері үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 315,3 млн. теңге, санитарлық автокөлік сатып алуға, 14,9 млн. теңге, туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуге-317,6 млн, теңге бөлініп, бөлінген қаржылар толық игерілді.

Бағдарламамен көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде науқастану және өлу бойынша оңды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жалпы алғанда бағдарламаны көкейкесті, табысты игеріліп, табысты іске асырылып отырған бағдарлама ретінде сипаттауға болады.



2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының білім саласын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың барлық бөлігі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қазақстандық отансүйгіштікті, мәдениетті, адамның құқықтары мен еріктерін сыйлау сезімін тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді дамытуға, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартуға, халықаралық стандарттық білім жіктемесінің өлшемдеріне сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды дайындау жүйесін қайта құрылымдауға, білім жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға 7617,9 млн. теңге бөлінген, екінші кезеңде 17136,236 млн. теңге көзделген. Оның ішінде 2010 жылы 3790,991 млн. теңге бөлініп, 1.07.2010 жылға 1339,6 млн. теңгесі немесе 75,4% игерілді.



2006-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысының облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бойынша жалпы 5 млрд. 788 млн. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4 млрд. 87 млн. теңге және облыстық бюджеттен - 1 млрд. 701 млн. теңге.

2006-2009 жылдары осы бағдарлама шеңберінде ұзындығы 28,8 шақырым «Қаркемер-Қарасай батыр», ұзындығы 10,05 шақырым «Қызтоған-облыс шекарасы» жолдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобалар іске асырылды, «Аса-Қарабастау», «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолдарының жекелеген учаскелеріне күрделі жөндеу және облыстық мәндегі 71 шақырым автожолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

2010 жылы «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолын күрделі жөндеу жалғасуда, орташа жөндеумен облыстық мәндегі 60 шақырым автожолдар қамтылған.

«2009-2011 жылдарға арналған Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешені» бағдарламасы бойынша 2010 жылы барлық көздерден 4863,8 млн.теңге бөлу жоспарланған, олардан 1 қыркүйекке 3433,7 млн.теңге бөлініп, 2903 млн.теңге игерілді, олардан: республикалық бюджеттен 4425,3 млн.теңге көзделіп, 1 қыркүйекке 3344,6 млн.теңге бөлініп, 2835,9 млн.теңгесі игерілді. Жергілікті бюджет қаржыларынан 108,5 млн.теңге көзделді, 1 қыркүйекке 89,1 млн.теңге бөлінді, 67,1 млн.теңге игерілді, басқа көздерден 330 млн.теңге бөлу көзделген, бүгінгі таңда бұл қаржылар игерілді.

Жалпы бағдарлама бойынша қаржылардың игерілуі 85% құрады, бұл ретте бағдарламаның көкейкестілігі мен іске асырылымы жоғары деп бағаланды.



«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2003-2009 жылдары 5988,3 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджет қаржылары - 4375,2 млн. теңге, жергілікті-1455,1 млн. теңге, шаруашылық субъектілері қаржылары -98 млн. теңге және Жол картасы бойынша - 60 млн. теңге. 2010 жылы 30 сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сумен қамтамасыз ету жүйелері 13 елді мекенде енгізілген, нәтижесінде 28 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін 23,2 млн. теңге көзделген, олардан 17,7 млн. теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде бағдарлама көкейкесті, игерілуі - жоғары, іске асырылуы -жоғары деп бағаланды.



2007-2011 жылдарға арналған Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы. Облыс халқы арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудандарда демеушілер есебінен 5 стадион, 30 спорт алаңы, 1 бокс залы салынып, 67 спорт объектісі жөндеуден өткізілді. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 65 аулалық спорт алаңдары құрылысы көзделіп, олардың 9-ы салынды.

Тараз қаласында Спорт сарайының құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Құрылысты аяқтау 2012 жылға жоспарланған.

Жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жаттықтырушы-оқытушыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру көзделген. Осыған байланысты спорт және туризм Академиясында біліктілігін жоғарылату курстарын ұйымдастыру үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы құрылып, онда біздің облысымыздан 10 жаттықтырушы оқыды, ал Тараз қаласындағы осындай орталықта 57 жаттықтырушы өз шеберлігін шыңдады.

Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында облыста 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 2008-2010 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен пайдалануға 566,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу көзделген. 2008-2009 жылдары және 2010 жылдың қаңтар-тамызында пайдалануға 575,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.



2007-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысын газдандырудың кешенді бағдарламасы шеңберінде 140 елді мекен газдандырылатын болады, оның ішінде:

МГ БГР Ташкент-Бішкек-Алматы - 75;

МГ Амангелді - КС-5 - 29:

Жоспардағы МГ - Қордай-Шу - 36.

2008-2009 жылдары 443,6 млн. теңге республикалық бюджет қаржылары есебінен Жуалы ауданының 8 елді мекені газдандырылды (Ақбастау, Қарасаз, Зыковка, Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай, Ынтымақ, Түктібай), бұл ретте табиғи газды 1597 абонент алады.

2008 жылы облыстық бюджеттен Жамбыл облысының 60 елді мекенін газдандырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 38,7 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жалпы сомасы 2 745 042,4 мың теңгеге ТЭН әзірленді, оның ішінде:



  • Байзақ ауданының 7 е.м. газдандыруға – 267879,6 мың теңге;

  • Т.Рысқұлов ауданының 14 е.м. газдандыруға– 760058,7 мың теңге;

  • Жамбыл ауданының 11 е.м. газдандыруға– 447797,7 мың теңге;

  • Жуалы ауданының 10 е.м. газдандыруға –-216426,2 мың теңге;

  • Меркі ауданының 10 е.м. газдандыруға - 461010,2 мың теңге;

Талас ауданының 8 е.м. газдандыруға– 591869,986 мың теңге.
2007-2009 жылдарға арналған Жамбыл облысының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту бағдарламасын іске асыруға мемлекеттік қаржылардың қажеттілігі 1175,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

аудандар мен Тараз қаласы бюджеттері қаржыларынан және басқа бюджеттен тыс қаржылардан - 38,5 млн. теңге;

кәсіпорындар қаржыларынан - 1137,4 млн. теңге, олардан игерілгені - 742,3 млн. теңге.

Бағдарлама 18 іс-шаралар тармақтарынан тұрады, олардың 6 тармағы аудандар мен Тараз қаласы бюджеттері қаржыларынан және басқа бюджеттен тыс қаржылардан 38,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Бағдарламамен көзделген іс-шараларды іске асыруды бағалау нәтижесінде бағдарламаның көкейкестілігі және іске асырылуы жоғары деп бағаланады.

2008-2010 жылдарға арналған білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының жас білікті мамандарын ауылға бекіту жөніндегі бағдарлама.

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі «2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» №142 қаулысымен 4288 орын бөлінді, оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша-220 орын, медициналық мамандықтар бойынша-250 орын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша-41 орын.

2008-2009 жылдары білім, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының мәліметтері бойынша 682 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 384 адам жұмысқа орналастырылды.

2010 жылы Байзақ, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында жергілікті бюджеттен жас дәрігер мамандарға 200 мың теңгеден, педагогтарға 100 мыңнан астам теңгеден төлемақы көзделді.

Сонымен бірге ауылдық елді мекендерде тұратын әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 139 маманға 17,5 млн. теңге көшерақы, тұрғын үй сатып алу кредиттеріне - 124,2 млн. теңге қарастырылды.

2009-2011 жылдарға арналған Жамбыл өңірлік экологиялық бағдарламада жергілікті бюджет қаржылары есебінен табиғат қорғау іс-шараларын орындау арқылы қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша басымды бағыттар айқындалған. Жалпы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1434,2 млн.тенгеге іс-шаралар атқару көзделген. Үстіміздегі жылы табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге Бағдарлама бойынша 537,4 млн.тенге жоспарланған, іс жүзінде бөлінгені - 177,1 млн.тенге.

Үстіміздегі жылы облыстық бюджет қаржылары есебінен аса апатты жағдайда тұрған су шаруашылығы құрылғылары мен гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру, Шу, Жаңатас, Қаратау шағын қалалары мен Кордай ауылындағы атмосфералық ауа мен трансшекаралық өзендер бойынша жер үсті суларын ластанудың экологиялық мониторингін жүргізу, орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, облыстың елді мекендерін көгалдандыру, Жамбыл облысының пайдалы өсімдіктерінің ресурстық кадастрын жасау бойынша жұмыстарды аяқтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.



«2008-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысында қызылша шаруашылығын және қант өндірісін дамыту бағдарлдамасы» отандық шикізат өндірісін ұлғайту және оны тиімді қайта өңдеу арқылы облыста қант қызылшасын игеруді одан әрі дамытуға және қант өндірісін қалпына келтіруге бағытталған. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама шеңберінде қант қызылшасын өсіретін шаруалар мен қант зауыттары арасында әріптестік қатынастар мен өзара тиімді келісімдерге қол жеткізіліп, бірлескен Меморандумға қол қойылды және жолға қойылған жұмыстар жүргізілуде. Қант қызылшасын өсіру мен жинауға арналған қажетті техника сатып алу үшін «Тараз» СПК шаруалардың сервистік-даярлау орталықтарының ауылшаруашылық техникаларын пайдалануы үшін жағдайлар жасады.

Жалпы бағдарламаның іске асырылуы және көкейкестілігі жоғары деп бағалануда.



3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінің қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-аграрлық өңір; Қытай мен Еуропа арасындағы қолайлы көлік дәлізі болатын өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері өндірісі бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.
1 бағыт.: «Агроәнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық техноглогиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»


  • ЖӨӨ нақты өсімі 2005 жылы 2009 жылдың деңгейіне 132,3 % құрайды (2009 ж.-101,2%);

  • ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылы кем дегенде 15,0% өседі (2009 ж.-12,6%);

  • Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға қарай 91% өседі (2009 ж.-84,9%);

  • Шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібі өндірісінің бірлескен көлемінен 35,8% өседі (2009 ж.-28,5%);

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай кем дегенде 1,5 есеге өседі (2009 ж.-2190 мың теңге \адам);

  • ЖӨӨ энергия сыйымдылығы 2014 жылға қарай 2009 жылдың деңгейінен кем дегенде 10% төмендейді;

  • Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10% дейін өседі (2009 ж.-4,4%);

  • Мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды мемлекеттік сатып алуларындағы қазақстандық үлес 64% дейін өседі (2009 ж.-58%);

  • Мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларындағы қазақстандық үлес 2015 жылға қарай 90% дейін өседі (2009 ж.-83,6%);

  • Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған кәсіпорындардың саны 295 бірлікке өседі (2009 ж.-148 бірлік);

  • Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің НКИ 2015 жылға қарай 127,8% немесе 84,5 млрд. теңгені құрайды (2009 ж.-117,4% немесе 68,4 млрд. теңге);

  • Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінде 22% дейін өседі (2009 ж.-17,0%);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы 2,2 есеге өседі (2009 ж.-370 мың теңге);

  • Етті қайта өңдеу үлесі 2015 жылға қарай 35,5% дейін, сүт-55% дейін жеміс және көкөніс 15% дейін өседі (2009 ж. ет-27,2%, сүт-18,9%, жеміс және көкөніс-0,01%);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы қосымша құн 2015 жылға қарай кем дегенде 28,7% -өседі;

  • 2015 жылға қарай жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м3 қысқарады;

  • Каналдардың пайдалы іс әрекеттерінің коэффициенті артады (2015 жалға қарай 0,05 құрайды);

  • 2015 жылы балықтың жылдың аулануы 350 тоннаға жетуі тиіс немесе 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өседі;

  • Жер ресустарын басқару тиімділігі 2015 жылға қарай 97% өседі;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 43 бірлікке өседі (2009ж. 37);

  • Бөлшек сауда тауар айналымының өсім қарқыны 2015 жылы 105% (алдыңғы жылға) құрайды (2009 ж.-102,9%);

  • Сауда ФКИ 2015 жылы 105% құрайды (2009 ж.-102,9%);

  • Сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 2015 жылы алдыңғы жылға 103,9% құрайды (2009 ж.-62,6%);

  • Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек тауар айналымы көлеміндегі үлесі 1,9% құрайды (2009 ж.-1,1%);

  • Туристік қызмет саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың бірлескен кірісі 2015 жылы 2009 жылдың деңгейінен 15% ұлғайады.


2 бағыт. «Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету».


  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 2015 жылы 70,3 жас (2009 ж.-68,7 жас).

  • 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім деңгейі - 2015 ж. 6,6 (2009 ж.-7,82).

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі - 2015 жылы 25,9 (2009 ж. - 40,0).

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлімі - 2015 жылы 12,3 (2009 ж. - 18,4).

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту-2013 жылы-56,1% және 2015 жылы 70%;

  • 12 жылдық білім бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі-2015 жылы 100%( 1,5,11 сыныптар);

  • Табиғи-математикалық бағыттағы мектептердің профильдік мектептердің жалпы санындағы үлесі-2013 жылы-4,3%, 2015 жылы-8,3%;

  • Орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады-2013 жыл-20,7% 2015 жылы 49,7%;

  • Жоғары және бірінші санаттағы білікті педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2013 жылы-46,4%, 2015 жылы 47%;

  • Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының үлесі-2013 жыл-17,7%, 2015 жылы-20,0%;

  • Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің отбасылық орналастырумен қамтамасыз етілген тәрбиеленушілердің үлесі-2013 жыл-8,5%, 2015 жылы-10,5%;

  • ТжКБ оқу орындары бітірушілерінің оқуды аяқтағаннан кейінгі жыл ішінде жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі-2013 жыл 60%, 2015 жылы-60%;

  • 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,5% құрады, 2020 жылға қарай 5%, 2015 жылға қарай 5,7% аспайды;

  • 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін жүгінген тұлғалардан жұмысқа орналасқандарының үлесі 2009 жылы 83,9% құрады, 2015 жылы - 72,5% құрайды;

  • Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 2009 жылы 31,2% құрады, 2010 жылы-44,1%, 2015 жылы-46,5% жетеді;

  • Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі 50,5% құрады, 2010 жылы- 50,0%, 2015 жылы-52,5% жетеді;

  • Ең аз өмір сүру деңгейінен кірістері төмен халықтың жалпы халық санындағы үлесі 2009 жылы 4,8%, 2010 жылы - 9,7 % құрады, облыс бойынша 2015 жылы 9% төмендейді;

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39%, 2010 жылы - 38,2% құрады, 2015 жылы - 30% төмендейді.

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың жалпы санынан) 2009 жылы 100% құрады, 2015 жылы-100% құрайды.

  • Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтармен қамту 2013 жылы-19,4%, 2015 жылы-22% құрайды (2009 ж. - 12%);

  • 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді облыстың спорттық мекемелерімен қамту 2013 жылы-11,1%, 2015 жылы-12,9% құрайды (2009 ж. – 6,2%);

  • Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылы - 50%, 2015 жылы - 52% құрайды (2009 ж. – 45%).


3 бағыт. «Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау».


  • Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының орташа алғанда 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда (2009 ж.-69%);

  • Республикалық мәндегі автомобиль жолдарының орташа алғанда 85% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай 1081,9 мың шаршы метрге жетеді (2011-2015жж.);

  • Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 100% құрайды (2009 ж.-74,2%);

  • Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 68% құрайды (2009 ж.-40,9%);

  • Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 50% құрайды;

  • Әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50% электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету;

  • Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға қарай 40% дейін арттыру;

  • ҚР ЖӨӨ ИКТ секторының инфокоммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы үлесі 2015 жылға қарай 2% құрайды (2009 ж.-1,95%);


4 бағыт. «Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту және экологияны жақсарту есебінен облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру».


  • Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 152 бірлікке жетеді (2009 ж.-137);

  • Ауаға стационарлық көздерден зиянды заттарды жалпы тастаудың белгіленген нормативтерінің көлемі 2015 жылы 62,7 мың тоннаны құрайды;

  • Ластағыш заттарды тастаудың белгіленген көлемі 2015 жылы 46,458 мың тоннаны құрайды;

  • Қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 2015 жылы 5% құрайды;

  • Облыстың ормандануын артыру;

  • Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 1000 га шаққанда 2015 жылы 0,88 бірлікті құрайды.



5 бағыт. «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту».


  • Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі 2009 жылы 86% құрады, 2015 жылға қарай 93% құрайды;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 52% құрады, 2015 жылы 58% құрайды;

  • Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар қажеттігінің деңгейі 2009 жылы 45,5% құрады, 2015 жылы 49,5% құрайды;

  • Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізігі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылы 87,5% құрады, 2015 жылы 94% құрайды;

  • Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 21%, 2015 жылы 25% дейін өседі;

  • Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысатын облыстың жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылға 38% дейін өседі;

  • Жастардың отансүйгіштік деңгейі (социологиялық сауалнамалар мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 70%-дан 2015 жылы 73% дейін өседі;

  • 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанатындар үлесі 2009 жылғы 7,3 баллдан 2015 жылы 7,8 баллға өседі;

  • Жастар арасындағы нашақорлық деңгейі 2009 жылғы 17%-дан 2015 жылы 4% дейін төмендейді;

  • Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылғы 77%-дан 2015 жылы 83% дейін өседі;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген облыс халқының үлесі 2013 жылы 94,0% 2015 жылы 98% құрайды, 2009 жылы-85,5% құраған;

  • Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарындағы үлесі 2013 жылы 10%, 2015 жылы 15% құрайды, 2009 жылы 4,9% құраған;

  • Әйелдердің орташа еңбек ақысының ерлердің еңбекақысына қатынасын қамтамасыз ету 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% құрайды;

  • Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылы 50% кем емес деңгейде болады, 2009 жылы 50% болған;

  • Жалпы қылмыстардың болжамды деңгейі 2015 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 45-тен жоғары болмайды, 2009 жылы-38,7;

  • 5 мың және одан көп халқы бар қалалар мен елді мекендерді ТЖ кезінде шұғыл әсер ету күштерімен қамту;

  • Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұраныстарына оңды жауаптардың үлесі 2015 жылы 80% құрайды, 2009 жылы-68%.


4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница