БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



страница11/26
Дата22.04.2016
Размер4.3 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

2.3. Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы





Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылшаруашылығы

  • Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;

  • Табиғи топырақ құнарлылығы жоғары, табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы;

  • АӨК-те ауылшаруашылық кластерлерін қалыптастыруға арналған дамыған институционалдық инфрақұрылымының болуы;

  • Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар өндірісінің болуы.


Өнеркәсіп

  • Облыстың Қырғызстан, Өзбекстан және республиканың орталық бөлігі арасындағы қолайлы географиялық орналасуы;

  • Бай минералдық-шикізат ресурстары, табиғат-ауа райы жағдайларының әртүрлілігі;

  • Облыстың үш шекара маңы аудандарының болуы;

  • Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі, химия, металлургия өнеркәсібі;

  • Отын-энергетика базасы – облыстың энергияға тәуелділігінің төмендеуі

  • Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;

  • Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші;

  • Тұтыну тауарлары үшін үлкен өткеру рыногы;

  • Жел энергетикасын дамытуға қолайлы жағдайлар.



Бәсекелестікті дамыту

  • Қолайлы инвестициялық климат;

  • Нарыққа кірудегі біршама төмен күрделі салымдар;

  • Өнімді пайдаланудың сыйымды рыногының болуы.


Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Жергілікті бюджет, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казагро» ұлттық басқару холдингі АҚ және басқа көздер қаржылары есебінен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған елеулі қаржылық қолдау;

  • Шағын бизнес саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері санының, шағын бизнес өндірісі көлемдерінің өсімі;

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры

АҚ, «Ауылдық кәсіпкерлікті қаржылық қолдау қоры» АҚ, шағын несиелік ұйымдар, кәсіпкерлер қауымдастықтар сияқты шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы.
Сауда саясаты

  • Облыс халқына көрсетілген қызметтер көлемінің өсімі;

  • Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  • Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.


Туризм

  • Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;

  • Өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары;

  • Демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.


Денсаулық сақтау

  • Жоғары туу деңгейі:

  • Жастар арасында бұқаралық спорттың кең таралуы;

  • Денсаулық сақтау қызметтерін көрсету рыногының біршама үлкен көлемі;

  • СӨС орталықтарының біршама үлкен ұйымдық тәжірибесі;

  • СӨС орталықтарының қызметкерлермен жақсы қамтамасыз етілуі;

  • Орта медициналық персоналмен жақсы қамтамасыз етілу;

  • Жас мамандардың көптеп келуі.


Білім беру

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;

  • Арнайы (түзету) білім ұйымдарының ашылуы;

  • Арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жағдайлар жасау;

  • Балаларды отбасыларына орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда;

  • Кәсіптік лицейлер мен колледждерді бітірушілер санынан жұмысқа орналасқандарының көбеюі.


Дене шынықтыру және спорт

  • Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.

  • Күшті жақтарының тағы бірі ҚР басқа өңірлерімен салыстырғанда денешынықтыру мұғалімдері білімінің жоғары деңгейі (мұғалімдердің басым көпшілігінің профильдік білімі бар). Сондай-ақ облыста денешынықтыруды оқыту әдістемелерін әзірлеу құзыры бар ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығы бар.


Мәдениет

  • Облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамытуда жұмыс жүйелендірілген;

  • Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

  • Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.


Көлік

  • Облыс аумағы арқылы ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді;

  • Облыстық мәндегі жолдардың біршама жоғары тығыздығы;

  • Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.


Сауда

  • Облыс халқына көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюы;

  • Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  • Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.


Құрылыс

  • Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: гипс, шағал тас, құм, топырақ;

  • Құрылыс материалдары өндірісінің қарқынды өсуі;

  • Облыс аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бойынша мердігерлік жұмыстарға сұраныстың өсімі;

  • Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

  • Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру;

  • Тұрғын үй құрылысы көлемдерінің және оларды пайдалануға берудің артуы.


Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Жер асты сулары қорларының болуы;

  • Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.


Жылумен қамтамасыз ету

  • Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала ғимараттарының енгізілуіне байланысты коммуналдық қызметтерге сұраныстың өсуі.


Газбен қамтамасыз ету

  • Амангелді газ-кен орнының болуы;

  • Газбен қамтамасыз ету қызметтеріне сұраныстың тұрақтылығы.


Тұрғын үй қорын басқару

  • Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

  • Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.


Электр энергетикасы

  • Электр энергиясын тұтынудың өсуі;

  • Солтүстік-оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің артуы;

  • Электр станцияларын дамытуға арналған қолжетімді алаңдар.


Аумақтық даму

  • Бүкіл облыс үшін өсім орталығы болуға қабілетті ірі қаланың болуы;

  • Аумақтық-кеңістіктік құрылымның ерекшелігі - өңірлік көші-қонды тарту орталықтарының болуы.


Тілдерді дамыту

  • Мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерін оқыту инфрақұрылымы кеңейтілді;

  • Мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар) ендіру қамтамасыз етілді;

  • Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда.




Ауылшаруашылығы

  • Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техникасы ескіруінің жоғары деңгейі;

  • Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;

  • Тыңайтқыштар себудің төмен деңгейі, топырақ құрамына бақылаудың және тыңайтқыштар себу бойынша ұсынымдардың жоқтығы;

  • Маңызды азықтық жем дақылдары түрлерін (сүрлем, силос) дайындаудың жоқтығы және осыған байланысты малдың өнімділігін төмендететін мал азығындағы қоректі заттардың аздығы;

  • Мал өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемелерінің әлсіздігі - 1,2%;

  • Инфрақұрылымдық объектілердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);

  • Малдың 90% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.


Өнеркәсіп

  • Өңірдің ел экономикасындағы төмен үлесі;

  • Химия саласының жоғары энергия сыйымдылығы;

  • Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;

  • Электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату жөніндегі өндірістердің бәсекеге қабілетсіздігі;

  • Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);

  • Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;

  • Шағын бизнесті ұстау инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;

  • Білікті жұмысшы кадрлардың және инновациялық менеджмент саласындағы кадрлардың жеткіліксіздігі;

  • Энергия ресурстары құнының жоғарылығы.


Бәсекелестікті дамыту

  • Мұнайды қайта өңдеу зауыттарының инфрақұрылымына шектеулі қолжетімділік;

  • Жамбыл облысының дизельдік отын және бензиннің жоғары октандық маркалары, авиациялық керосин бойынша импорттан тәуелділігі;

  • Жамбыл облысының аумағында мұнайды қайта өңдеу зауыттарының жоқтығы;

  • Әкімшілік тосқауылдар.


Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Қаржылық проблемалар: кепілдік қамсыздандырудың жоқтығынан, қаржы мекемелеріндегі өсімнің жоғары пайыздық ставкаларынан, құжаттарды қараудың ұзақ мерзімдерінен ауылдық және бастапқы бизнестің кредиттік ресурстарға шектеулі қолжетімділігі; кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;

  • Кадрлық проблемалар: иелері мен қызметкерлерінде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Кәсіпкерлер жолында әкімшілік тосқауылдардың болуы.


Сауда саясаты

  • Ауылдық елді мекендерде қызмет көрсету секторы жеткілікті дамымаған;

  • Қызметтер саласында негізінен бөлу-тарату, жеке сипаттағы қызметтер, сондай-ақ инновациялық әлеуеті төмен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

  • Ақпараттық және ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметтер үлесі аз.


Туризм

  • Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;

  • Сервистің төмен деңгейі;

  • Кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.


Денсаулық сақтау

  • Тағаммен толыққанды қамтамасыз етілмеу;

  • Аурулардың асқындауы кезінде көмекке кеш жүгіну;

  • Жүкті әйелдердің тұрақты тексеріліп тұруы үшін ынталандырудың жеткіліксіздігі;

  • Зиянды дағдылардың денсаулыққа әсері туралы атүсті білу;

  • Денсаулық пен СӨС басымдылығының төмендігі;

  • Қан тамырлары ауруларының дамуына әсер ететін тамақтану рационына дағды;

  • Жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастыққа компаниялар қызығушылық танытпайды;

  • Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік) халықтың басым бөлігіне өзінің денсаулығы үшін қамқорлыққа мүмкіндік бермейді;

  • Жоғары мінез-құлық тәуекелдіктері (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық);

  • Педиатрлардың тапшылығы;

  • СӨС орталықтарында қызметкерлердің тапшылығы;

  • Халық үшін перзентханаларда орынға қолжетімділіктің төмендігі;

  • Бала туу жасындағы әйелдердің қан аздық тәуекелділігін азайтатын және тууға дейінгі асқынуларды болдырмайтын препараттармен қамтамасыз етілмеуі;

  • Медициналық тексерулер мен жалпыға бірдей скринингтердің жеткіліксіздігі;

  • БАҚ арқылы жалпы қолдаудың жеткіліксіздігі;

  • Дәрігерлердің үлкен және перманентті тапшылығы;

  • Амбулаторлық деңгейде, әсіресе ауылдық жерлерде жабдықтардың ( оның ішінде рентген және УЗИ) және диагностикалық препараттар мен дәрілердің тапшылығы;

  • Ғимараттар мен құрылғыларды жаңартудың жеткіліксіз қарқыны.


Білім беру

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде орын тапшылығы сақталуда;

  • Облыстың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының төмен жалақыға және артық жүктемеге байланысты білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

  • Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

  • Үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;

  • Ауылдық жерлерде балшықтан соғылған ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы;

  • Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

  • Инклюзивтік білім берудің жеткіліксіз дамуы;

  • Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының (саз, көркемсурет мектептері, техникалық шығармашылық орталықтары) жеткіліксіздігі;

  • Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитындар санының қысқара отырып, колледждерде ақылы оқу түрінің ұлғаюы және басымдылығы;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру объектілері ғимараттарының ескіруінің жоғар дәрежесі;

  • Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің тапшылығы.


Дене шынықтыру және спорт

  • Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі;

  • Сондай-ақ елеулі кемшілігі - ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.


Мәдениет

  • Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты облыс халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

  • Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.


Көлік

  • Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

  • Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;

  • Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;

  • Тараз қаласындағы автобус қатынасының оңтайландырылмаған бағыттық картасы;

  • А класты қойма терминалдарының жоқтығы;

  • Көлі-логистикалық орталықтың жоқтығы.


Құрылыс

  • Халықтың төмен кірістері;

  • Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

  • Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы (Тараз қаласынан басқа);

  • Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;

  • Ескірген құрылыс технологиялары;

  • Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.


Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

  • Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

  • Су көздерінің техногендік ластануы;

  • Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;

  • Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;

  • Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.


Жылумен қамтамасыз ету

  • Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы;

  • Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағалардың жоғарылығы.


Газбен қамтамасыз ету

  • Қолданыстағы газ құбырлары желілері бұрынғы кеңес газ құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады және басқа республикаларға газды тасымалдауға арналған, сондықтан табиғи газды қажет көлемде жеткеруге қабілетсіз;

  • Жергілікті газ-кен орны қуаттарының төмендігі;

  • Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Өзбекстан газының қымбаттығы және жеткерудің тұрақсыздығы.


Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;

  • Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

  • Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.


Электр энергетиксы

  • Халық кірістерінің төмен деңгейі;

  • Шектеулі дәстүрлі шикізат көздері;

  • Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер кезінде энергия жабдықтарының жоғары физикалық және моральдық тозуы;

  • Жоғары энергия сыйымдылығы және электр энергиясына шығыстар тарифті көтеру мүмкіндігін шектейді.


Аумақтық даму

  • Өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық әркелкіліктер, қосымша құнның өнеркәсіптік буындарының жоқтығы;

  • Облыс аумағының қалалану деңгейінің төмендігі - 42%, бұл ауыл халқының басым екенін көрсетеді;

  • Облыс аудандарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі әркелкіліктер.


Тілдерді дамыту

  • Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;

  • Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.




Мүмкіндіктері

Қауіптері

Ауылшаруашылығы

  • СДО құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  • Агроөнеркәсіп кешенін индустриаландыру;

  • Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

  • Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

  • Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жүйесін жасау;

  • Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.


Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – қосымша құнның өсімі;

  • Облыстың энергиядан тәуелділігін азайту;

  • Инвестициялық тартымдылықты арттыру;

  • Жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

  • Агроөнеркәсіп кешенін, шағын бизнесті индустриаландыру;

  • Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

  • Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту;

  • Кедендік одаққа қатысудан ашылатын өнімді экспорттау мүмкіндігі;

  • Балама энергия көздерінің технологияларын дамыту.


Бәсекелестікті дамыту

  • Анықталған жоқ.


Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Облыстағы шағын бизнестің басымда жобаларын одан әрі тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету;

  • Франчайзинг және аутсорсинг принциптерінде ірі кәсіпорындар маңайындағы шағын бизнес кәсіпорындарын дамытуды ынталандыру;

  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;

  • Нарықтағы сұраныстар мен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткерушілер, дайын өнімді өткеру мүмкіндіктері және сатып алуларға қатысу туралы ақпараттар банкін жасау;

  • Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.


Сауда саясаты

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.


Туризм

  • Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасау;

  • Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Ішкі және кіру туризмін дамыту.


Денсаулық сақтау

  • Телемедициналық консультативтік қызмет көрсетуді пайдалану;

  • Дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату үшін сыртқы қаржыландыруды тарту;

  • СӨС саласына аса ірі жергілікті компаниялар мен халықаралық ұйымдар тарапынан қосымша қаржыландыруды тарту;

  • Ұлттық скринингтер негізінде халықтың кең бөлігін тексеру;

  • Стандарттау есебінен медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру;

  • Облыстағы тұрғын үй жағдайларын және көлік жұмысының сапасын жақсарта отырып толық стационарларды күндізгілермен одан әрі алмастыру.


Білім беру

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

  • Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;

  • Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

  • Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту;

  • Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;

  • Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жаңа оқу орындарын және жатақханалар салу есебінен қолжетімділікті кеңейту;

  • Білім жүйесінің кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланысын білдіретін, сондай-ақ даярланған мамандардың жұмысқа орналасу мәселелерін шешетін корпоративтік білім беру принциптерін ендіру;

  • Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;

  • Нарықтың техникалық және қызмет көрсетуші кадрларға сұранысын анықтау жөнінде мониторингтің сапасын арттыру;

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастардың техникалық және кәсіби білімге қолжетімділігін кеңейту.


Дене шынықтыру және спорт

  • Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;

  • Сондай-ақ маңызды мүмкіндіктердің бірі спорттық объектілер салу және ұстау үшін жеке инвесторлардың (жергілікті ірі компаниялардың) қаржыландыруын тарту болып табылады.


Мәдениет

  • Облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

  • НПА жетілдіру және желінің қамсыздандырылуының ең аз нормативтерін ендіру арқылы облыстың мәдени инфрақұрылымын дамыту.


Көлік

  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанын ашу;

  • Тауар айналымын ұлғайту.


Сауда

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.


Құрылыс

  • Тұрғын үй құрылысын республикалық бюджетпен қолдауды ұлғайту арқылы өңір халқы үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

  • Ипотекалық несиелеуді одан әрі дамыту;

  • Үлестік құрылысты дамыту.


Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Жеткілікті қаржыландыра отырып облыстың барлық аудандары мен облыс орталығы Тараз қаласын ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.


Жылумен қамтамасыз ету

  • Бюджеттік ресурстармен қарқынды қаржыландыра отырып магистралдық және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

  • Жеке инвестицияларды тарту.


Газбен қамтамасыз ету

  • Алдағы 5 жылда 96 елді мекенді газдандыру (өңірді газдандыру деңгейін 42,3% жеткізу).


Тұрғын үй қорын басқару

  • Кондоминиумдар құру және ПИК-не ену;

  • Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.


Электр энергетикасы

  • Балама көздерден алынған электр энергиясын кепілді түрде өткеру;

  • Балама энергетиканың жоғары ресурстық әлеуеті;

  • Экономиканың барлық секторларындағы электр сыйымдылығы және халықтың электр энергиясын тұтыну деңгейінің жоғарылығы;

  • Электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы.


Аумақтық даму

  • Ауыл халқы санының басымдылығы ауылшаруашылығын дамыту үшін жақсы база жасауға ықпал етеді.


Тілдерді дамыту

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;

  • Тілдік көптүрлілікті сақтай отырып әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілді қолдану;

  • Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру.




Ауылшаруашылығы

  • Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

  • Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын кредиттеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.


Өнеркәсіп

  • Республиканың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен.

  • Облыстың шекара маңы аудандарында Қырғызстан экономикасының басымдығының ұлғаю мүмкіндігі;

  • Облыс бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

  • Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.


Бәсекелестікті дамыту

  • Бензин мен дизель отынының тапшылығы;

  • Шикізатқа елеусіз маусымдық тербелістердің соңғы өнімге асыра әсер етуі.


Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

  • Ішкі нарықтың ашылуына және Бүкіләлемдік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуге байланысты облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі, ішкі нарықтың импорттан тәуелділігінің артуы.


Сауда саясаты

  • Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  • Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.


Туризм

  • Күзету шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

  • Туризм саласын қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, өз қаржыларының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

  • Туристік бизнестегі кәсібилік деңгейдің төмендігі, туризм саласындағы сапа мен қызмет көрсету деңгейінің сәйкессіздігі.


Денсаулық сақтау

  • Жүктеменің өсіміне байланысты қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

  • СӨС бойынша даярланған мамандар санының жеткіліксіздігінен нәтижеліктің төмендеуі.


Білім беру

  • Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы, облыста мектепке дейінгі балаларды қамту деңгейінің төмендігі, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындардың тапшылығы балаларды орта мектепте оқытуға дайындау және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бойынша мүмкіндіктерді шектейді;

  • Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан облыстағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

  • Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтау салдарынан жаңа мектептер салу шығыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • Балалар мекемелерінің жабылу қаупінен балаларды отбасыларына орналастыру мәселесіне интернат мекемелері қызметкерлерінің жасырын қарсыласуы, бұл мәселеде интернат мекемелері басшыларының және қызметкерлерінің әлсіз негіздемесі;

  • Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды отбасыларға орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы;

  • Колледждердегі өндірістік оқу шеберлері жалақысының төмендігі, олардың кәсіптік білім беру жүйесінен кетуі оқу процесінің сапасының және оқушылардың практикалық тәжірибені меңгеруінің төмендеуіне әсер етуде, бұл кезегіне қарай бітірушілердің еңбек нарығындағы қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.


Дене шынықтыру және спорт

  • Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.



Мәдениет

  • Табиғи-ауа райы жағдайларының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;

  • Мәдениет мекемелері қызметтері құнының өсімі;

  • Саладан білікті мамандардың кетуі.


Сауда

  • Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  • Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.


Құрылыс

  • Елді мекендер бас жоспарларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;

  • Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.


Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан облыс халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.


Жылумен қамтамасыз ету

Жаңатас и Қаратау шағын қалаларында жылумен қамтамасыз ету желілері аварияларының веерлік тізбегі.



Газбен қамтамасыз ету

  • Өзбекстаннан газ жеткерулердің бұзылуы;

  • Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан елді мекендерді газдандыру үрдісінің баялау қаупі бар.


Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;

  • Тұрғын үй қорыныі істен шығу қарқынының жеделдеуі.


Электр энергетикасы

  • Қуаттардың тозу деңгейінің одан әрі өсімі, авариялар санының өсімі, э/э техникалық жоғалту деңгейінің және пайдалану шығыстарының өсімі;

  • Энергия үнемдеу технологияларын ендіру бағытында тұтынушылар арасындағы төмен белсенділік;

  • Энергия үнемдеу технологияларын іске асыруға қаржылық ресурстарды тартудағы проблемалар.


Аумақтық даму

  • Жақын орналасқан өсім орталықтары – Шымкент қаласына және Алматы облысына халықтың көшіп кету қаупі;

  • Аудандардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму әркелкілігінің тереңдеуі.


Тілдерді дамыту

  • Мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық кемшіліктердің болуы;

  • Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.



1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26


База данных защищена авторским правом ©bezogr.ru 2016
обратиться к администрации

    Главная страница